06 Желтоқсан, 2023 Жаңалықтар
0  

Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады

Орошение Засуха
Жамбыл облысында 13 су қоймасы салынады
Фотосуретті түсірген: gov.kz

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін жалпы көлемі 46,2 млн текше метр болатын 13 су қоймасы салынады. Қазіргі уақытта көлемі 1,4 млн текше метр болатын үшеуі салынуда. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Жасөркен ауылындағы гидрологиялық бекеттің және жұмыс істеп тұрған екі су қоймасының (650 млн текше метр) жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жамбыл облысының алты ауданында су инфрақұрылымдық нысандарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2027 жылға қарай халықаралық қаржы институттарының қаржылық қолдауымен ұзындығы 876 км және суармалы жер көлемі 69 мың га болатын 361 су объектісін қайта жаңарту жоспарлануда.

Облыстың су тапшылығы бар аудандарында жер асты суларын пайдалану үшін ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 103 ұңғыма бұрғыланды және пайдаланылуда, тағы 543 ұңғыма бұрғылау жоспарында.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар вегетациялық кезеңде суармалы суға тәуелділікті трансшекаралық су көздерінен 50% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Ағымдағы маусымда Жамбыл облысы құрғақшылық пен судың аздығынан қатты зардап шекті. Облыстың алты ауданында ТЖ режимі жарияланды. Зардап шеккен фермерлерге өтемақы төлеуге үкімет резервінен 3,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер