12 Ақпан, 2024 Жаңалықтар
0  

Фермерлер үшін қарсы міндеттемелер 2024 жылы енгізіледі

Субсидии
Фермерлер үшін қарсы міндеттемелер 2024 жылы енгізіледі

2024 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ауыл шаруашылығы өндірушілері субсидиялар алған кезде қарсы міндеттемелерді өзіне алатын болады. Мемлекеттік қолдауға ие бола отырып, фермерлер өндірілген өнімнің бір бөлігін ел ішінде нарықтық бағамен сатуы керек болады. Бұл туралы ElDala.kz хабарлайды.

АШМ ақпараты бойынша, субсидиялар алған кезде ауыл шаруашылығы өндірушілері сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің жергілікті атқарушы органдарымен және аумақтық департаменттерімен үш жақты келісімдер жасасатын болады. Бұдан әрі фермерлер өндірілген өнімді Сауда және интеграция министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы өткізуі тиіс.

Бұл талап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінен өнім өндіретін және жер учаскелері облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен бекітілген ауыл шаруашылығы жерлерінің ең төменгі мөлшерінен асатын фермерлерге қойылатын болады (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағы).

"Келісім шарттарын орындау субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (СМАЖ), оның ішінде Сауда және интеграция министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл жолымен жүзеге асырылады. Келісімнің қабылданған талаптары орындалмаған жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер (ауыл шаруашылығы кооперативтері) келесі жылы субсидиялау бағдарламалары бойынша субсидия алмайды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

Бұл ретте, ведомствода мәлімдегендей, егер фермер объективті себептер бойынша қарсы міндеттемені орындай алмаса, онда оған санкциялар қолданылмайды.

Қарсы міндеттемелер туралы норма екінші жартыжылдықта субсидия алатын фермерлерге қолданылады. Осы мерзімге дейін мемлекеттік қолдауға ие болғандарға жаңа ережелер әсер етпейді.

АШМ атап өткендей, АӨК субъектілері үшін қарсы міндеттемелерді енгізу субсидиялаудың тиімділігін арттырады.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер