Форвардтық сатып алу шарттары 2021 – 2022 жылдардағы форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындаған және 01.01.2023 жылғы жағдай бойынша Корпорация алдында берешегі жоқ АШТӨ-мен жасалады.
Форвардтық сатып алу бойынша шарт жасасу кезінде қаржыландыру сомасын есептеу Корпорацияның өзге бағдарламалары шеңберінде қаржыландыруды алу кезінде мәлімделген егіс алаңын шегергенде, 1 тонна АШӨ-ге 1,5-2 гектары егіс алаңына қатынасын негізге ала отырып жүргізіледі.
Корпорациямен форвардтық сатып алу туралы шарт жасасу үшін әлеуетті өнім берушілер растайтын құжаттармен бірге корпорацияның облыстық өкілдіктеріне өтінімдер береді (корпорацияның облыстық өкілдіктерінің мекенжайлары www.fcc.kz сайтында жарияланған).
Форвардтық сатып алуды қаржыландыруды Корпорация мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Бұл ретте Корпорация егін жинау кезеңінде АШТӨ ақысыз пайдалану алдын ала төлем сомасын және нарықты тұрақтандыру қажеттілігін ескере отырып, сатып алу бағаларын белгілейді.
Форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері:
Мақсатты пайдалану. Форвардтық сатып алу шарттарын жасасқан АШТӨ қаражаттың мақсатты пайдаланылуын 2023 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Корпорацияға (облыстық өкілдіктерге) «Егін егу қорытындылары туралы есеп» 4-АШ статистикалық нысанының (жылдық) көшірмелерін ұсыну жолымен растауы тиіс.
2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімі үшін алдын ала төлем мөлшері мынадай мөлшерде айқындалған:
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Корпорацияның дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алуды қаржыландыру көлемі, ауыл шаруашылығы өнімін жеткізгеннен кейін төленетін қосымша төлем сомасын есепке алмағанда, 20 млрд. теңгені құрайтынын атап өтеміз.
АШТӨ арасында қаржыландыруды әділ бөлу мақсатында 2023 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасына әлеуетті қатысушылардың барлық өтінімдері облыстар әкімдіктері жанындағы Үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдері Азық-түлік корпорациясының интернет-ресурсында электрондық нысанда (www.fcc.kz) немесе қағаз нысанда Азық-түлік корпорациясының облыстық өкілдіктерінде мынадай мекенжайлар бойынша қабылданады:
Форвардтық сатып алуды ұсыну қағидаларын сілтеме бойынша көруге болады.