«Іскер» кредит беру бағдарламасы

Ауыл шаруашылығы өндірушілері Өсімдік шаруашылығы Кредит беру
0  
«Іскер» кредит беру бағдарламасы

«Іскер» бағдарламасы — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және қайта өңдеуге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдері бойынша сервистік-дайындау қызметтерін ұйымдастыруға, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамытуға кредит беру.

Нысаналы мақсаты

  • Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тікелей қарыз алушылар мен кредиттік серіктестіктерге кредит беру;
  • Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде мемлекеттің қатысуымен микроқаржы ұйымдарына кредит беру.

Мерзімі

Нәтижелі жұмыспен қамту:

  • 60 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көрсетілген мерзімнен артық емес;
  • мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелеріне (ЖК, ШҚ/ФҚ) кредит беру үшін;
  • 84 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көрсетілген мерзімнен артық емес.

Жұмыспен қамту жол картасы:

  • 120 айға дейін (микроқаржы ұйымдарының түпкілікті қарыз алушылары үшін - 60 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көзделген мерзімнен артық емес;
  • мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін - 84 айға дейін, бірақ кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта көрсетілген мерзімнен артық емес).

Жеңілдік кезеңі

1/3 кредит беру мерзіміне дейін, бірақ ЖАО-мен кредиттік ресурстарды қарызға алу жөніндегі келісімде/шартта келісілген мерзімнен артық емес.

Сомасы

  • Тікелей кредит беру - 8000 АЕК дейін;
  • Кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары - 500 000 теңгеден бастап қоғамның меншікті капиталының 25%-на дейін.

Мөлшерлеме

Нәтижелі жұмыспен қамту:

  • Тікелей кредит беру – жылдық 6% (ЖТСМ– жылдық 6%-дан бастап), аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ШҚ) – жылдық 4%-дан артық емес (ЖТСМ - жылдық 4%-дан бастап).
  • Кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары - жылдық 2% (ЖТСМ - жылдық 2%-дан бастап) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме – жылдық 6%-дан аспайды, ЖТСМ - жылдық 6%-дан аспайды), аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылардың мүшелері үшін (ЖК, ШҚ/ФҚ) - жылдық 4%-дан артық емес (ЖТСМ - жылдық 4%-дан бастап).

Жұмыспен қамтудың жол картасы:
Мемлекет қатысатын микроқаржы ұйымдары – жылдық 2% (ЖТСМ – жылдық 2%-дан бастап) (түпкілікті қарыз алушылар үшін номиналды мөлшерлеме – жылдық 6%-дан аспайды, ЖТСМ - жылдық 6%-дан аспайды).

Қамтамасыз ету

Тікелей кредит беру, кредиттік серіктестіктер – қоғамның кепіл саясатына сәйкес.

Микроқаржы ұйымдары:

  • қоғамның кепіл саясатына сәйкес;
  • өңірлік инвестициялық орталық кепілдігімен;
  • қоғамның белгіленген талаптарына сәйкес болған кезде қамтамасыз етусіз.
Жүктелуде...
Біздің серіктестер