2023 жылы фермерлерден шарт жасасуға өтінімдер Kezekte.kz сайтында қабылданады.
Аграрлық несие корпорациясы сақтандыру бағдарламасының операторы болып табылады.
Фермерлер үшін сақтандыру шартының құны мемлекеттік субсидиялау есебінен 80%-ға төмендейді.
Сақтандырудың негізгі процестері:
Сақтандыру аумағы
Ұстау орны: ҚР, облыс, аудан, кент, сақтанушыға тиесілі жылқыларды ұстауға арналған ферманың қоршалған аумағы.
Жайылым орны: ҚР, облыс, аудан, жылқыларды жаюға арналған жайылымдар, жоспар-схемаға сәйкес.
Сақтандыру тарифі:
2.31%-дан 3.23%-ға дейін (1-өнім - сақтандыру аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруының өршуін тіркеу кезінде алып қоды өтеумен);
4.62%-дан 6.46%-ға дейін (2-өнім - сақтандыру аумағынан тыс жерлерде жануарлардың аса қауіпті ауруының өршуін 5 км радиуста тіркеу кезінде алып қоюды өтеумен).
Сақтандырылған бастардың санына байланысты залал мәлімделген жануарлар арасынан 1 бастың орташа сақтандыру құнының мөлшеріне дейін 1%-дан франшиза.
Сіз сайтта сақтандыру туралы толығырақ біле және сақтандыруға өтінім бере аласыз.