Мал шаруашылығы саласында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылады:
Бұдан басқа, мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Аграрлық несие корпорация» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржы ұйымдары ІҚМ, ұсақ мал, ауыл шаруашылығы техникасын/жабдықтарын сатып алуға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына, айналым қаражатын толықтыруға және т.б. бағытталған «Сыбаға», «Ырыс», «Іскер», «Агротехника», «Қарапайым заттар экономикасы» фермерлерге кредит беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Толығырақ ақпарат «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»АҚ сайттарында қолжетімді.
Субсидия алу үшін қойылатын талаптар мен өлшемшарттармен сілтеме бойынша немесе субсидиялау ақпараттық жүйесінде (САЖ) танысуға болады, субсидиялауға қатысты барлық ақпарат ашық қолжетімділікте.
Ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар:
Қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар:
Шошқалардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар.
Маралдардың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар.
Ара балұясыменселекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар.
Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал басын сатып алу кезінде, шошқа шаруашылығын қоспағанда, барлық қолданыстағы субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Мегежін басы үшін өтеу нормативі құнынан 50%-ды құрайды, бірақ бұрын қолданыста болған 140 мың теңгенің орнына 1 басқа 100 мың теңгеден аспайды.
Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласында жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты бұқалар мен қошқарларды жалға беруді субсидиялау ғана жойылады.
Жем-шөпті субсидиялау бойынша субсидиялар алудың нормативтері мен критерийлері ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде әкімдіктердің қаулысымен бекітіледі.
Тауарлық-айрықша субсидиялар өзгеріссіз қалады. Бұл ретте:
Жұмыртқа өндірісі бойынша норматив бір жұмыртқа үшін 3 теңге болып қалады. Бұл ретте 1-санаттағы жұмыртқа сатудың шекті бағалары әкімдіктермен жасалған меморандумдар негізінде белгіленеді.
Бұқашықтар мен қойларды бордақылауға және ет комбинаттарына тапсыру бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссіз қалады. Алайда, малды өздерінің бордақылау алаңдарына көшіретін шаруашылықтар үшін орын ауыстыру нормасы жойылады.
Субсидиялар алу шарттары: