А.И.Бараев атындағы АШҒӨО
ӨндірушіПавлодар
Аудандастыру өңірлеріҚылтықсыз арпабас
ДақылАқмола
Аудандастыру өңірлеріАкмолинский 91 қылтықсыз арпабас сұрпын "А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының" қазақстандық селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
Акмолинский 91 қылтықсыз арпабас сұрпы Лиманный сұрпынан биотиптік клонды сұрыптау әдісімен жасалған.
Апробациялық белгілер
Бұтасы тік өсетін, Лиманный стандартына қарағанда тығызырақ, сабақтарының саны 78-ден 137-ге дейін. Сабақтары жұмсақ, түзу, тізбеаралықтар саны 4-6, биіктігі 72-150 см. Жапырақтары сызықты, өткір, орташа жұмсақ, сәл салбыраған жасыл және қара-жасыл, сәл балауыз жабыны бар. Жапырақтанушылығы біркелкі, жоғары 49,4-60,0%. Гүлшоғыры тік қылқанды жартылай сығылған сіпсебас, орташа борпылдақ.
Сипаттамасы
Шабындық-жайылымдық типтегі ерте пісетін сұрыптар тобына жатады. Вегетациялық кезең шөп жинау кезінде 56-64 күн және тұқымға 103 (98-105) күн. Шөптің қалыңдығы тураланған, көктемде және шабудан кейін бірге өседі. Қолайлы жылдары ол егін көгінің 2 орымын береді.
Акмолинский 91 қылтықсыз арпабас сұрпының өнімділігі
Егін көгінің орташа өнімділігі (2 орымда) — 267,6 ц/га, құрғақ зат - 88 ц/га, тұқым - 3,5-4,0 ц/га.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
Акмолинский 91 қылтықсыз арпабас сұрпы тотқа, қоңыр даққа, қаракүйеге төзімді. Солтүстік Қазақстанның экстремалды топырақ-климаттық жағдайында қысқа жән құрғақшылыққа төзімділігі жоғарыы, жоғары өнімді, көп орымды, ылғалға ден қойғыш.
Сапалық көрсеткіштер
Құрғақ массада 13,9% шикі ақуыз, 30,5% талшық, 2,2% май, 7,5% күл, 0,69 кг/кг жем бірлігі бар.
Өндіруші/өтініш беруші
"А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы".
Мекенжайы
021601, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, Бараев көшесі, 15,
тел. (8-716-31) 2-30-29, факс (8-716-31) 2-30-32,
e-mail: info@baraev.kz, tsenter-zerna@mail.ru