Дақыл:
КүнбағысӨндіруші:
ВНИИМК «Белгородская опытная станция»Аудандастыру өңірлері:
Павлодар, АқмолаПісіп-жетілу тобы:
Среднеранний
"Белуха" күнбағыс сұрпын "Белгород тәжірибе станциясы" БМДҒЗИ орыс селекционерлері өсірді.
Шығу тегі
С1М15А х С1М15Р ата-аналық формаларын шағылыстыру кезінде классикалық селекция нәтижесінде алынған қарапайым будан.
Сипаттамасы
"Белуха" күнбағыс сұрпы орташа ерте піседі. Өсімдіктің биіктігі 104 см.
Апробациялық белгілер
Себетшелер қатты иілген сабағымен төмен қарай бұрылған, сәл дөңес пішінді, себетшенің диаметрі 20-22 см. Тұқымдар қара, кең жұмыртқа тәрізді, жолақтары жоқ немесе өте әлсіз.
"Белуха" күнбағыс сұрпының өнімділігі
Ақмола облысы бойынша будан Көкшетау кешенді (дала аймағы) МСУ-де 2020 жылдан бастап сыналды. Орташа өнімділік 33 ц/га құрады (стандартта 30 ц/га) 3 ц/га немесе 10% - ға артық. Ең жоғары өнімділік 2021 жылы – 33 ц/га құрады.
Павлодар облысы бойынша 2020 жылдан бастап Павлодар астық МСС (дала нашар ылғалданған аймағы) сыналды. Орташа өнімділік 10 ц/га құрады (стандартта 7,6 ц/га) 2,4 ц/га немесе 32% - ға артық.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
"Белуха" күнбағыс сұрпы төгілуге, жапырылуға және құрғақшылыққа төзімді 5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 тұқымның массасы 78,2 гр, бір себетшеден алынған тұқымның массасы 49,2 гр. Майдың орташа мөлшері 40 % құрайды. Майдың гектардан шығуы 1161 кг құрайды.
Өндіруші/өтініш беруші
"Белгород тәжірибе станциясы"БМДҒЗИ.
Мекенжайы
РФ, 309720, Белгород облысы, Вейделевский ауданы, Опытный к.,
тел. 8 (47237) 5-11-36