Пшеница сорта Даулет

Бидай Жұмсақ бидай «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Алматы ОҚО Күздік бидай Жамбыл

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Өндіруші

Алматы

Аудандастыру өңірлері

ОҚО

Аудандастыру өңірлері

Күздік бидай

Дақыл

Жамбыл

Аудандастыру өңірлері
0  
Пшеница сорта Даулет
Wheat-variety-Daulet
Сұрыптың тегі Г-2705-265 п (Кавказ хБогарная 56) х Питикул
Пісіп-жетілу тобы Ерте пісетін
Өнімділік, ц/га 37,4
Аудандастыру аймақтары Алматы, Жамбыл, ОҚО

Шығу тегі

"Дәулет" бидай сұрпы Г-2705-265 п (Кавказ х Богарная 56) х Питикула гибридті комбинациясынан кейіннен жекелеп іріктеумен сұрыпаралық будандастыру әдісімен құрылды.

Сипаттамасы

"Дәулет" бидай сұрпы құрғақшылыққа төзімді, ерте піседі. Жартылай қамтамасыз етілген және қатаң тәлімдік жерлер жағдайында өсіруге арналған.

Апробациялық белгілер

Түршесі велютинум, ұзын 91-130 см, масағы пирамида тәрізді, ақ, ұзындығы 10-11 см, масақтағы дәндердің саны 42, масақты қабыршақ белағашының қатты көрінеді, дәні орташа, қызыл.

Дәулет бидай сұрпының өнімділігі

Орташа алғанда, өнімділік 34,7 ц/га құрады, Стекловидная 24 (32,3 ц/га) стандартынан +2,4 ц/га немесе 7,4% - ға, Безостая 1 (28,3 ц/га) стандартынан +6,4,ц/га немесе 22,6% - ға асады.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімді

"Дәулет" сұрпы қатты қаракүйеге төзімді, құрғақшылыққа төзімділігі өте жоғары, ерте пісетін, қысқа төзімді.

Ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері

Астық сапасы бойынша МЕМСТ бойынша күшті бидайға жататын Стекловидная 24 және Безостая 1 стандартымен астық сапасының тең көрсеткіштеріне ие.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Еслепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kshosagrootdel@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер