Расад бидай сұрпы

Бидай Жұмсақ бидай «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Алматы Күздік бидай Среднеранний

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Өндіруші

Алматы

Аудандастыру өңірлері

Күздік бидай

Дақыл

Среднеранний

Пісіп-жетілу тобы
0  
Расад бидай сұрпы
Wheat-variety-rasad
Сұрыптың тегі ОПАКС -18 и Ульяновка
Пісіп-жетілу тобы Орташа ерте пісетін
Вегетациялық кезең, күн 260-270
1000 дәнің салмағы, г 45
Өнімділігі, ц/га 10,8
Аудандастыру аймақтары Алматы.

Шығарылған жері

“Расад” бидай сұрпы сқрыпралық будандастыру әдісімен және кейіннен ОПАКС -18 және Ульяновка сұрыптарының буданды популяциясынан жекелеп іріктеу арқылы жасалды.

Сипаттамасы

“Расад” бидай сұрпы орташа ерте пісетін, вегетация кезеңі 260-270 күн. Жатып қалуға және төгілуге төзімді (5 балл). сұрып суармалы және суарылмайтын (ылғалмен қамтамасыз етілген) аймақтарда өсіруге арналған.

Апробациялық белгілер

Түр өзгешелігі: Nigri-erythrospermum. Масағы сәл цилиндр тәрізді, орташа ұзындығы 8-9 см, тығыздығы 10 см сабаққа 18-20 масақтан. Қылтанақтары жұмсақ, орташа ұзындықта (бірдей және масағының ұзындығынан аспайды), сәл шашыранды. Қылтанақтары сұр түсті, түсінің қанықтылығы өсу ортасының жағдайына байланысты, сарғыш-қоңыр түстен қылтанақтарының негізі жартылай қара түске боялған реңкке дейін ауысуы мүмкін. Дәндері орташа мөлшерде, сопақша, қызыл, дәннің негізі сәл түкті, жырашығы терең емес. Сабағы берік, орташа биіктігі 90-100 см. Қопсыту кезеңінде жартылай жайылған болады, жапырағы жасыл, әлсіз балауыз өңезі бар, түкті емес, үлкендігі аралық.

“Расад” бидай сұрпының өнімділігі

Луговск және Жуалы МСУ орташа өнімділігі 10,8 ц/га құрады, бұл стандарттан 1,0 ц/га артық.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

“Расад” бидай сұрпының қысқа төзімділігі орташа. Қоңыр және сары татқа (0-2 балл) аздап сезімтал, сабақ тоатына басуына (3-4 ұпай) және қатты басына сезімтал.

Ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері

1000 дәннің салмағы 45 гр. Астықтың ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері жақсы, құнды бидайға жатады. Ақуыз мөлшері 15%, желімше мөлшері 23,6% құрайды. Нанның көлемі 970 мл.

Өндіруші/өтініш беруші

“Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kshosagrootdel@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер