Шөл бидай сұрпы

Бидай Жұмсақ бидай ОҚО Күздік бидай "Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тез пісетін

ОҚО

Аудандастыру өңірлері

Күздік бидай

Дақыл

"Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өндіруші
0  
Шөл бидай сұрпы
Wheat-variety-shol

“Шөл” бидай сқрпы - “Красноводопадская АШТС” қазақстандық селекционерлері өсірген жұмсақ сұрыпты күздік бидай.

Сұрыптың сипаттамасы

Сұрыптың тегі [(к57834 х КВ210 ) х Н17(Богарная56)] х // КВ210
Пісіп-жетілу тобы Ерте пісіп жетіледі
Вегетациялық кезең, күн 165-168
1000 дәнің салмағы, г 40,8-49
Өнімділігі, ц/га 25,5-40,5
Аудандастыру аймақтары Оңтүстік Қазақстан

Шығарылған жері

“Шөл” бидай сұрпы [(к57834 х КВ210 ) х Н17(Богарная56)] х // КВ210 буданды популяциясынан жекелеп іріктеу әдісімен құрылған.

Сипаттамасы

“Шол” бидай сұрпы ерте піседі. Вегетациялық кезеңі 165-168 күн. Тәлімі және суармалы жағдайда өсіруге жарамды. Піскен кезде дәні төгілмейді, жақсы қызылданады.

Апробациялық белгілер

Бидай жұмсақ гостианум. Tr.aestivum hostianum. Масағы цилиндр тәрізді, түкті. Масақтың ұзындығы - 12 см, тығыздығы орташа, масақтарының саны 10 см-ге 14-18 масақты құрайды. Қылтанақтары ұзын, өрескел, ақ түсті. Масақ қабыршақтары қияқ пішінді. Тісшесі қысқа – 3-5 мм. Дәні жылтыр, жартылай ұзынша, ірі, қызыл түсті, дәннің негізі тықыр, дән жырашығы орташа. Сұрып орташа бойлы, өсімдіктің биіктігі 105-115 см, сабағы қалың, жатып қалуға төзімді. Бұтаның пішіні жартылай тік.

“Шөл” бидай сұрпының өнімділігі

Өнімділігі 25,5-40,5 ц/га. Наубайхана мақсаттарына арналған.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

“Шөл” бидай сұрпының аяз бен қысқа төзімділігі жоғары. Сұрып көктемгі тоңазуға төзімді. Ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары.

Ұнға тартылу және наубайханалық қасиеттері

1000 дәннің салмағы 40,8-49,0 г, натурасы 757-820 г/л. Негізгі масақтағы дәндер саны 45,5-60,5 өнімді түптілігі 2,2-2,8. Сұрып жоғары экологиялық икемділігімен сипатталады. Наубайхана мақсаттарына арналған.

Өндіруші/өтініш беруші

“Красноводопадская АШТС” ЖШС

Мекенжайы

160914, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарқырама кенті, Төле би көшесі, 1-үй,

тел. 87253 7-00-14,

e-mail: too_krasnovopad@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер