ТАҒАМДЫҚ-2017 құмай сұрпы

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Ерте пісетін Алматы Жемшөп дақыл Құмай Қызылорда Түркістан

Өндіруші:

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Пісіп-жетілу тобы:

Ерте пісетін

Аудандастыру өңірлері:

Алматы

Created by CMS:

Жемшөп дақыл

Дақыл:

Құмай

Аудандастыру өңірлері:

Қызылорда, Түркістан
58  
ТАҒАМДЫҚ-2017 құмай сұрпы
Sorho-sort-taamdiq-2017
Сұрыптың сипаттамасы
Сұрыптың сипаттамасы

Шығу тегі

"ТАҒАМДЫҚ-2017" құмай сұрпы жекелеп іріктеу әдісімен құрылған.

Сипаттамасы

Ерте пісетін сұрыпқа жатады.

Апробациялық белгілер

Өсімдіктің биіктігі 149 см. Жіңішке сабақты сұрып. Сіпсебасы - ашық қоңыр түспен сығылған.

«ТАҒАМДЫҚ2017» құмай сұрпының өнімділігі

Алматы облысы бойынша екі жыл бойы Панфилов және Еңбекшіқазақ МСУ-де суару кезінде сынақтан өтті. Тұқымның орташа өнімділігі 25,4 ц/га құрайды.

Қызылорда облысы бойынша екі жыл бойы Қазалы МСУ-де суару кезінде сыналды. Тұқымның орташа өнімділігі 21,8 ц/га құрайды.

Түркістан облысы бойынша екі жыл бойы Түркістан кешенді МСУ-де суару кезінде сыналды. Тұқымның орташа өнімділігі 78 ц/га құрайды.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік

Жапырылуға және құрғақшылыққа төзімділік 5 балл. Сынақ кезінде аурулар мен зиянкестерге шалдыққан жоқ немесе зақымдалмады.

Сапалық көрсеткіштер

1 мың дәннің массасы - 25,5 г. Ақуыз мөлшері 9,5%, крахмал 57%, май 2,4%.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Еслепесов көшесі, 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kshosagrootdel@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер