Сырғалым сұлы сұрпы

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Алматы Овес яровой Овес Павлодар Среднеспелый Ақмола СКО

Өндіруші:

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС

Аудандастыру өңірлері:

Алматы

Дақыл:

Овес яровой

Created by CMS:

Овес

Аудандастыру өңірлері:

Павлодар

Пісіп-жетілу тобы:

Среднеспелый

Аудандастыру өңірлері:

Ақмола, СКО
0  
Сырғалым сұлы сұрпы
Oats-variety-Syrgalym
Сұрыптың тегі Әлемдік коллекциядан таңдау 14627
Пісіп-жетілу тобы Орташа маусымдық
Вегетациялық кезең, күндер 92-112
1000 дәннің массасы, г 25,6
Өнімділік, ц/га 43,9
Аудандастыру аймақтары Алматы, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан

Шығу тегі

"Сырғалым" сұрпы 14627 әлемдік топтамасынан жекелеп іріктеу әдісімен жасалған.

Сипаттамасы

Орташа пісетін "Сырғалым" сұлы сұрпы. Вегетациялық кезең 92-112 күнді құрайды.

Апробациялық белгілер

Бұтаның пішіні тік өсетін. Сабақтың түктенуі өте әлсіз, жапырағы аралық және жасыл. Сұрыптың сіпсебасы жайылған, түсі ашық ақ. Дәні сары түсті. Өсімдіктердің биіктігі 74-87 см.

"Сырғалым" сұлы сұрпының өнімділігі

Алматы облысы бойынша сынақ Сарқан (жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жердің 2-ші аймағы), Талдықорған кешенді (дала аймағы), Іле кешенді (шөл аймағы), Іле суармалы (тау бөктеріндегі шөл - дала аймағы) МСУ-де өтті. Тәлімі жер жағдайында астықтың орташа өнімділігі 25,6 ц/га, суару жағдайында 28,1 ц/га құрады. Суару кезінде ең жоғары өнімділік 35 ц/га Талдықорған кешенді МСУ-да 2019 жылы, тәлімі жерде 33,7 ц/га Сарқан МСУ-да 2018 жылы алынды.

Павлодар облысы бойынша Орлытөбе (орташа құрғақ дала аймағы) МСЖ, Ертіс кешені (орташа құрғақ дала аймағы), Павлодар астығы (құрғақ дала аймағы) МСУ сынақтан өтті. Дәннің орташа өнімділігі 10,4 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 18,8 ц/га Орлытөбе МСЖ-де 2018 жылы алынды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Арықбалық МСУ, Есіл МСУ, Шалақын МСУ, Сергеев МСУ сынақтан өтті. Дәннің орташа өнімділігі 13,9 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 21,9 ц / га Есіл МСУ-да 2019 жылы алынды. Жасыл массаның өнімділігі 74,2 ц/га құрайды.

Ақмола облысы бойынша сынақ Шортанды (орташа құрғақ аймақ), Сандықтау (орташа құрғақ дала аймағы), Жақсы (құрғақ-дала аймағы), Егіндікөл (құрғақ-дала аймағы), Көкшетау (орманды-дала, төбе-жазық аймақ) МСУ-да өтті. Дәннің орташа өнімділігі 17,2 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 37,7 ц/га Сандықтау МСУ-да 2019 жылы алынды.

Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділігі

"Сырғалым" сұлы сұрпының жапырылуға, төгілуге төзімділігі 5 балл, құрғақшылыққа 4,3 балл, ауруларға төзімділік (қаракүйе 4,7%, қоңыр тот 10%) 4 балл.

Сапалық көрсеткіштер

"Сырғалым" сұлы сұрпы дәнді және тағамдық бағыттағы сұрып. 1000 дәннің салмағы 22,4-36,6 г, ақуыз мөлшері 10,6-12,6%, қабықшалығы 4%, біркелкілігі 38,5%. Ботқаның түсі 3,9 балл, ботқаның дәмі 3,7 балл.

Өндіруші/өтініш беруші

"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.

Мекенжайы

040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,

Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,

e-mail: kazniizr@mail.ru

Жүктелуде...
Біздің серіктестер