«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС
ӨндірушіКүздік арпа
ДақылЖамбыл
Аудандастыру өңірлеріСреднеранний
Пісіп-жетілу тобыТүркістан
Аудандастыру өңірлері"Жалғас" арпа сұрпы - "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының" қазақстандық селекционерлері өсірген күздік арпа.
Шығу тегі
"Жалғас" арпа сұрпы буданды популяциядан – Plaisant/Radical ICBH93-0200-OAP-OAP-8AP-OAP-5AP-OAP жекелеп іріктеу әдісімен жасалған
Сипаттамасы
Жемшөп бағытындағы, орташа ерте пісетін түрі. Вегетациялық кезең - 225 күн.
Апробациялық белгілер
Бұтаның пішіні тік өсетін. Жапырағы орташа, ұзын, тар, түксіз. Масағы төртбұрышты, түсі сары, тығыз.
"Жалғас" арпа сұрпының өнімділігі
Жамбыл облысы бойынша сынақ Жамбыл кешенді, Красногорск, Луговск МСУ-де өтті. Дәннің орташа өнімділігі 16,7 ц/га құрады.
Түркістан облысы бойынша Георгий (тау бөктері аймағы), Сайрам (тау дала аймағы), Сарыағаш астық (дала аймағы), Ленгер (тау бөктері аймағы) МСУ-да сынақтан өтті. Дәннің орташа өнімділігі 31,1 ц/га құрады. Тәлімі жердегі ең жоғары өнімділік 51,8 ц/га Сайрам МСУ-да 2019 жылы алынды.
Аурулар мен климаттық жағдайларға төзімділік
"Жалғас"сұрпы 4,3 балл жапырылуға және 5 балл төгілуге төзімді, құрғақшылыққа төзімділігі 4,9 балл, қысқа төзімділігі 4,2 балл. Аурулар мен зиянкестерге төзімділік 3-5 балл.
Сапалық көрсеткіштер
1000 дәннің массасы 41,1 гр. Ақуыз мөлшері 10,8-12% құрайды.
Өндіруші/өтініш беруші
"Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС.
Мекенжайы
040909, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ кенті, Ерлепесов көшесі 1,
Тел. +7 72771 53130, +7 7273883925,
e-mail: kshosagrootdel@mail.ru