10 Қараша, 2023 Мақалалар
0  

Ісін жаңадан бастағандар табысты болу үшін нені білуі керек?

Коневодство Мугалжарские лошади Казахстан
Ісін жаңадан бастағандар табысты болу үшін нені білуі керек?

Қазақстандық жылқы өсіруші Жәнібек Кенжебаев асыл тұқымды жылқыларды ұстаудағы құпияларымен бөлісті. Кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласына бес жыл бұрын келген. Аз ғана уақыттың ішінде агрокәсіптің қыр-сырын меңгеріп, Қостанай облысында асыл тұқымды мал басын өсіруге басымдық беретін табысты шаруа қожалығын дамытты. Қазіргі таңда “Береке” шаруа қожалығында 7000 мыңнан астам мал ұстайды, олардың жартысы - жылқы, ал қалғаны - ірі қара мен ұсақ мал. Шаруа қожалығы малды еркін жаюға бағытталған. 3000 мыңнан астам жылқы жыл бойы жайылымнан қоректенеді.

“Осы жерде өткізген 5 жылдың ішінде ең күй талғамайтын жануар жылқы екенін түсіндім. Жылқыларға жабық (жылытылған) қора салудың керегі жоқ, жем дайындауды да қажет етпейді. Мысалы, біздің қожалықты алатын болсақ, 1000 жылқысы бар үйірді бір адам еш қиындықсыз басқара алады”, - дейді Жәнібек Кенжебаев.
“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ

Тұқымдық түрлендіру

Жылқы фермасы Қазақстанның орталығында, Қостанай облысы, Амангелді ауданында (Торғай) орналасқан. Бұл өңірдің жері - жылқы өсіруге өте қолайлы. Қысы қатты, ал жазы еліміздің оңтүстігіне қарағанда жұмсақ өтеді. Сондықтан жайылымдар қатты ыстық болмайды және жылқыларға ыстық (күн) өтпейді. Бұл жерде қазақстандық тұқым мұғалжар жылқыларын өсіреді. Шаруа қожалығы біртіндеп тұқымдық түрлендіруге қол жеткізген. Ол үшін жылқылардың әр түрлі тұқымдарын еліміздің түкпір-түкпірінен жинаған. Осылайша үйірлерді асыл тұқымға айналдырған. Бүгінгі таңда “Береке” шаруа қожалығында жылқылардың 90% мұғалжар тұқымынан тұрады.

“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ
“Қазақстан үшін ең үздік тұқым мұғалжар деп санаймын. Себебі ол басқаларына қарағанда қысқа көбірек әрі тезірек май жинайды. Бұл жылқы денсаулығы үшін өте маңызды, өйткені қыста суық, иммунитеті түседі, жем азаяды. Қыс жақындағанда мал неғұрлым әлсіз болса, соғұрлым қыстан аман шықпайтынына қауіп бар”, - деп санайды шаруашылық иесі.

100 биеден төлдің шығуы шамамен 70-75% құрайды. Бұл қалыпты жағдай, бірақ ферма мұндай көрсеткішке бірден қол жеткізбеген.

“Мен фермаға келгенде, 100 биеден 35 құлын ғана алдық. Мен ештеңе білмедім, қолымнан ешнәрсе келмейтін, төлді қалай сақтап қалу қажет, оларды қалай дұрыс айыру керек, қанша жасында… Нәтижесінде, қалыпты нормадан 2 есе төмен төл алдық. Бірақ кейін қателіктерден сабақ алып, әр түрлі тәсілдерді қолдана бастадық және бұл осындай нәтиже берді” - деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.

Неден бастаған жөн?

Кәсіпкер істі енді бастағанда ең тиімдісі 100 бастан бастау деп кеңес береді. Себебі үлкен қаражатты қажет етпейді, ал сәтсіз болған жағдайда айтарлықтай көп шығын да болмайды.

“Жылқы шаруашылығында тәжірибе мен білімсіз мыңдаған жылқыдан тұратын үйірді басқаруға бел буу - екінің бірінің қолынан келе бермейтін үлкен тәуекел. Десе де, мен бірден 3000 бас малды тәжірибесіз басқаруға шешім қабылдадым” - дейді кәсіпкер.
“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ

Жылқыны сатып алуда өте мұқият болуға кеңес береді. Егер фермердің тәжірибесі аз болса, ауру, қысыр немесе кәрі биелерді сатып жіберуі мүмкін. Ветеринардан ақыл-кеңес алып, содан кейін аналық бас немесе айғыр сататын шаруа қожалықтарын аралауға кірісуге болады.

“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ
“Жылқыларды сатып алу жайлы шешім қабылданғаннан кейін тағы бір қиындық пайда болады, ол - тасымалдау. Әдетте бұл жұмысты мал тасымалдаушылар атқарады. Яғни оларды белгілі бір жерден келесі жерге дейін жылқыларды апару үшін жалдайды. Ал егер үйір үлкен болса, автокөлікпен тасымалдау мүмкіндігі болмаса немесе экономикалық тұрғыдан орынсыз болса, онда мұндай үйірді 1000 шақырымға айдауға болады және оларды қауіпсіз айдап баруға болатын арнайы мал айдайтын жолдарды мемлекет бекітеді” - деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.
“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ

Мал айдайтын орындар бекітілген және жарияланған, ол жайлы білу үшін жергілікті атқарушы органға жүгініп, ақпаратты сұрауға болады. Сатып алу және тасымалдау үрдістерінің өзі бірнеше айға, тіпті бір жылға созылуы мүмкін. Егер арақашықтық алыс болса, транспортпен немесе фермермен мәселелерге несие сұралады.

Мал сату

“Береке” шаруа қожалығында сатылымға 2-2,5 жастағы құлындар, жақсы салмақ қосқан шағында кетеді. Ал аналық басты мал басын көбейту үшін қалдырады.

“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ

Биыл қожалықта мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтады. Жобасын ферма қызметкерлері өздері жасаған. Аумағы 3-4 гектар жерді қамтиды. Алаң мұнда екі қызметкер ғана жұмысты атқарып шыға алуы үшін, осылайша жұмыс өнімділігін арттыру үшін “ақылды алаң” қағидаты бойынша жасалған. Құрылысқа ең берік материалдарды қолданған - темір қоршаулар, экскаватор тросстары және бұрғы құбырлары. Бұл мал бордақылау алаңына бір үйір жылқыны орналастыруға болады.

“Өткен жылы біз құны жоғары өнімге қарай бағыт алу, яғни малды бордақылау шешіміне келдік. Біз қолданылған материалдарды пайдаландық, сондықтан алаңға небәрі 20 миллион теңге кетті. Бұл қаражатты бір маусымнан өндіріп алуға болады” - дейді сұхбат беруші.

Жәнібек Кенжебаевтың айтуынша, Қазақстанның экспорттық әлеуеті зор. Алайда елімізде ауыл шаруашылығының қажетіне небәрі 40% жер игерілген және тұрақты түрде экспорттауға мал басы жеткіліксіз.

“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ
“Біз етпен тек ішкі нарықты қамтамасыз ете алатын деңгейде тұрмыз, оның өзін толығымен қамти алмаймыз. Сыртқы нарықты, мысалы Қытайды қамтамасыз ету мүмкін емес. Себебі олар кепілдік пен тұрақтылықты және де үлкен көлемді талап етеді. Ал біз тұрақты түрде экспорттай алмаймыз. Мысалға ұсақ малды алып қарасақ, Қазақстанның Сауд Арабиясымен, БАӘ, Катармен өте тиімді бағада үлкен көлемдерді ала алатындай жақсы келісімшарттары бар. Алайда бізде бүкіл Қазақстан бойынша туристік отельдер бар” - деп айтты “Береке” шаруа қожалығының басшысы.

Фермер атап өткендей, шағын фермалардың санын көбейту арқылы экспорт мәселесін шешуге болады. Сонымен қатар фермалар әр түрлі уақытта төл алатын болып бөлінуі қажет.

Жайылымдардың шалғайлығы

Шаруа қожалықтың малшылар тұратын жылжымалы тұрғын вагондары бар. Ішінде жататын орын, теледидар, тоңазытқыш, рация және жылу батареялары орналасқан. Қуат күн панельдері арқылы беріледі. Осылайша вагонды жыл бойы жарықпен қамтамасыз етеді.

Бір кездері фермада үйірді әр түрлі жайылымдарда 7 жылжымалы вагон орналастыру арқылы басқару моделін қолднған. Жылқышылар жыл бойы сол вагондарда тұрған. Алайда мұндай жүйе әрдайым тиісті нәтиже бере бермейтін үлкен қаражатты қажет етеді екен. Сол себепті 2022 жылы ферманың малды жаю моделін қайта қарастырған. Жылқышылар кез келген жыл мезгілінде қозғала алулары үшін мопедтер, қарда жүретін көліктер сияқты қажетті техникаларды сатып алған.

Осы жылдан бастап малды моторландырылған бригадалар жаяды, ал жылқышылар қожалықтың негізгі ғимаратында тұрады және тіркемелер күннен-күнге азайып барады. Мал жаюдың жаңа моделі тиімділігін көрсетіп, шаруашылықта қауіпсіздік үшін 2 ғана вагон қалған. Бұдан басқа, малды чиптеп, GPS-трекерлер енгізгеннен кейін күні бойы малды жаю қажет болмай қалды.

“Береке” шаруа қожалығында малдарды елді-мекендерден шалғай орналасқан аумақтарда жаяды, тек малдардың кішкене бөлігін ғана қорада ұстайды. Бұл көшпелі мал шаруашылығы немесе еркін жаю деп аталады. Жайылымдардың шалғайда орналасуы дуалдар, қоршаулар салудан бас тартуға, қымбат жемге шығындалмауға, сонымен қатар үйірлердің ішіндегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

“Жақсы жағы - біздің малды бөтен малмен шатастырып алмаймыз және ауру жұқтырып алу қаупі аз. Яғни, біздің жануарлар өте таза әрі дені сау. Жылқы өсірудегі үлкен тәуекелдердің бірі - бір-бірін танымайтын екі үйір кездессе, төбелесіп, бір-бірлерінен биелерді тартып алулары мүмкін. Осылайша жылқылардан айырылып қалуға болады. Ал кемшіліктеріне техника жүктемесінің үлкен болуы, қажет болған жағдайда ең жақын жердегі елді-мекенге жету үшін бірнеше сағат алатынын жатқызуға болады”, - дейді шаруашылық иесі.
“Береке” ШҚ
“Береке” ШҚ

Кәсіпкер жылқы шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының маңызды бір саласы екеніне сенімді. “Береке” ШҚ мақсаты - жылқы шаруашылығында үздік репродуктор шаруа қожалығы болу.

© Шолпан Жабаева, baibolsyn.kz, 2023 ж.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
Кеше
КА
Калдыбай
Коргалжынский район, Акмолинская область, Казахстан
Жылқы, етті табын Продам лошадей
Жылқылар Ақмола
от 20 бас Алып кету, FCA
Теңге қолма-қол
бас
600 тг
Сату
Кеше
КА
Калдыбай
Коргалжынский район, Акмолинская область, Казахстан
Жылқы, етті табын Продам лошадей
Жылқылар Ақмола
от 20 бас Алып кету, FCA
Теңге қолма-қол
бас
550 тг
Сату
Кеше
КА
Калдыбай
Коргалжынский район, Акмолинская область, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам мрс ( козы с ягнятами )
Алып кету, FCA
Теңге қолма-қол
дана
20 тг
Сату
Кеше
КА
Калдыбай
Коргалжынский район, Акмолинская область, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам мрс ( козы с ягнятами )
Алып кету, FCA
Теңге қолма-қол
дана
25 тг
Сатып алу
Кеше
АЛ
Алишер
Акмолинская область, Казахстан
Бидай 5 сын Куплю 5 класс или внекласску
ҚҚС-мен ЖШС Құжаттармен
690 - 700 тонна Қоймадағы санақ, EXW
Договорная
Біздің серіктестер