Ауыл шаруашылығында әрбір қадамның мәні бар - жер таңдау мен ферманың инфрақұрылымын ұйымдастырудан бастап жем-шөп базасын таңдауға дейін. Дұрыс жоспарлау мен бұл аспектілерге саналы түрде қарау кәсібіңіздің сәтті болуына айтарлықтай әсер етуі әбден мүмкін. Бұл мақалада біз фермаға жер таңдауда, оның инфрақұрылымын оңтайландыруда, жем-шөп базасын, сонымен қатар ферманы салуға кеткен шығынды жоспарлауда ескеру қажет негізгі факторларды қарастырамыз. Бұл орайда 14 жылдық тәжірибесі бар сарапшы Ермек Өмірзақов көмектеседі.
Ферманы жоспарлау кезеңіндегі шығындар
Ферманы жоспарлау кезеңі оның болашақта сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз етудің кілті болып табылады. Бұл дайындықтың негізгі аспектілерінің бірі - жазда мал жайылымда болған кезде және база босатылған кезде барлық жұмыстарды жүргізу. Бұл жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға және жануарларды орналастырып, қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге тура келетін қысқы кезеңге дайындалуға мүмкіндік береді.
Ферманы жоспарлау кезінде барлық шығындарды, соның ішінде ангарларды, қоршауларды және басқа да қажетті құрылымдарды ескеру қажет. Экономикалық пайда шығындардың қаншалықты дәл есептелгеніне және оларды азайту үшін қандай стратегиялар таңдалғанына байланысты. Ферманы салу, әсіресе, жобалау мен құрылыс кезінде кәсіби мамандарға жүгіну маңызды. Бұл болашақта қателіктер мен артық шығындардан аулақ болуға көмектеседі.
100-150 мал басы бар ферманы басқаруды отбасылық бизнес ретінде жүзеге асыруға болады, алайда белгілі бір жұмыстар үшін уақытша жұмысшыларды жалдау сияқты әлемдік тәжірибені қолдану маңызды. Бұл қаржылық ресурстарды үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар мамандарға қажетті уақытта қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Шығындар мен кірістерді талдағаннан кейін маусымдық ауытқулар мен өндіріс циклдарын ескере отырып, айналым капиталын есептеу қажет. Мал шаруашылығында, әсіресе, аналық малдың қалыптасуында бірінші айналым циклі орта есеппен үш жылға созылады.
«Бұл неліктен үш жылды алады? Сіз мал сатып алдыңыз, жас малды әкелдіңіз деп есептейік. Егер сіз жас малдың жыныстық жетілуін күтіп, оны ұрықтандырып, ұрпақ пайда болғанға дейін 9 ай күтсеңіз, содан кейін оны жайылымға шығаруға немесе сатуға болатын күйге дейін тағы бір жыл күтсеңіз, бұл шамамен екі жарым-үш жылға созылады. Көптеген фермерлердің қателігі де осында - ісін бастаған соң 1 жылдан кейін табыс күтуі. Бұл - дұрыс емес пікір. Еттен немесе тірі мал сатудан пайда таба бастау үшін бастапқы капитал қажет. Екінші немесе үшінші жылдағы жем-шөп, минералдар, вакциналар және басқа да шаруашылық құралдарының жетіспеушілігі сияқты қаржылық проблемаларды болдырмау үшін бастапқы капиталды дұрыс есептеу керек», — деп Ермек Өмірзақов өз тәжірибесімен бөлісті.
Ферманың тиімді қызметі үшін инфрақұрылымның маңызы
Инфрақұрылым - жолдарды, электр қуатын және сумен жабдықтауды қоса алғанда, ферманың сәтті жұмыс істеуінің негізгі аспектісі. Бұл факторлар өнімнің өзіндік құны мен сатылымына тікелей әсер етеді. Ферманың орналасқан жерін елді-мекендер адам ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін және логистиканы жеңілдететін жақын жерде болатындай етіп таңдау өте маңызды.
Фtрманың орналасқан жерін таңдау тек ағымдағы қажеттіліктерді ғана емес, сонымен қатар болашақта бизнестің әлеуетті кеңеюін де ескеруі керек. Әсіресе, көшу сіздің отбасыңыздың болашағы мен балаларыңызбен байланысты болса, мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандардың болуын қамтамасыз ету маңызды. Жайылымның орналасуы ферма базасына жақын болуы керек, бұл көктемде жайылымға шыққан кезде өте маңызды. Бұл жайылымдық күтім процесін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар жануарларға күйзеліс қаупін және логистикалық шығындарды азайтады. Жиі кездесетін қателік — ферма базасын бір жерден салу, ал жайылымды басқа қашықтықта орналастыру. Бұл логистикадағы қиындықтарға, малдың күйзелісіне және шығындардың жоғарылауына әкеледі.
Ферманың жерін таңдау - бұл өндірістен өнімді сатуға дейінгі бизнестің бүкіл аспектілеріне әсер ететін стратегилық шешім. Жер таңдауға кәсіби түрде қарау және инфрақұрылымды мұқият жоспарлау тәуекелдерді азайтуға және фермада отбасылық бизнестің сәтті дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жем-шөп базасы: табысты шаруашылықтың негізгі факторы
Ферманы салу — бұл тек қана бизнесті ұйымдастыру емес, үнемі сонда болуды, күтімді талап ететін күш пен уақытты тірі организмге жұмсау. Шаруашылықты жоспарлауда жем-шөп базасын дұрыс есептеу маңызды. Себебі ол бүкіл шығындардың 70% дейін көлемін құрайды.
«Ірі қараның бір басының өзіндік құны күніне 150 теңгеден 250 теңгеге дейін шамасында болады. Жазда мал жаюды құрғашылық пен қолайсыз жағдайлардың болып қалуын ескере отырып жайылымда ұйымдастыру маңызды. Жайылым үшін ірі қараның бір басына шамамен 7-10 га тиесілі болатындай жеткілікті жер болуы керек. Аналық бастың рационы бордақылаудан айырмашылығы бар, ол 30% дәнді дақылдар мен 70% талшықтардан тұрады, олар ірі және шырынды жем түрінде болады. Табиғи шөптердің орташа өнімділігі гектарына бір тоннаға дейін жетеді, ал көпжылдықтар мен біржылдықтар бір маусымда 3-тен 5 тоннаға дейін өнім бере алады», — дейді сарапшы.
Фермада ұстауға болатын малдың санын анықтау жем-шөп пен жайылым сияқты қолда бар ресурстарға байланысты. Осы факторларды дұрыс жоспарлау және есепке алу сіздің шаруашылығыңызға сай келетін мал басының оңтайлы санын анықтауға көмектеседі.
Фермерлік — бұл өндіріс қана емес, үнемі үйрену мен нарықтың жаңа талаптарына бейімделу.
Фермерство — это не только производство, но и постоянное обучение и адаптация к новым реалиям рынка. Инновациялар мен қолжетімді технологияларды қолдану ферманың заманауи талаптарға сай тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ермек Өмірзақов жоспарлау, сондай-ақ мал басын қалыптастыру жайлы толығырақ BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ тегін курсында айтып береді.
Телеграмда курс тыңдаушыларының қатарына қосылыңыз. 400-ден астам қатысушы мен курстың дәріскерлері осында. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/baylygy
Курсты телефоннан, жылдам көруге жасанды интеллект негізінде жасалған телеграм-бот көмектеседі. Бұл сіздің кез келген жерде қалтаңыздан табылатын курс және жеке көмекшіңіз: