14 Желтоқсан, 2023 Мақалалар
0  

Субсидиялаудағы жаңа шешімдер: фермерлерге қалай әсер етеді?

Субсидирование EL BAYLYGY Животноводство Субсидирование для заводчиков КРС Динара Молдагаипова Быки-производители
Субсидиялаудағы жаңа шешімдер: фермерлерге қалай әсер етеді?
Субсидиялаудағы жаңа шешімдер: фермерлерге қалай әсер етеді?

Шаруа қожалықтарына айтарлықтай әсерін тигізетін субсидиялау жүйесіндегі бірқатар өзгерістер, атап айтқанда, бұқаларды жалға алу және міндетті түрде шаруашылықтың есептік нөмірінің болуы, 2024 жылдан бастап күшіне енеді. Жаңа өзгерістер фермерлерге қалай әсер ететінін түсінуге он жылдық тәжірибесі бар субсидиялау бойынша сарапшы Динара Молдагаипова көмектеседі.

Жаңа өзгерістер кімге, қандай салдарын тигізеді?

Бірінші кезекте, тауар шаруашылықтарына жалға берілген өндіруші-бұқаларға субсидияның жойылатынын атап өту керек. Бұған дейін субсидия бордақылау алаңына, яғни бұқалардың иесіне берілетін. Малды жалға алған фермерлер өндіруші-бұқадан алынған төлдің бір бөлігін бордақылау алаңына нарықтық бағамен тапсырып жүрді.

Бұл фермерлерге тиімді болды, себебі өндіруші-бұқаларды сатып алу үшін ақша іздеудің және оларды қыста қайда орналастыру керектігін және қалай азықтандыру керектігін ойластырудың қажеті болмады. Ал бордақылау алаңдарына осылайша фермерлерден мал үздіксіз келіп тұрды.

Дегенмен, бұқаларды жалға беру - қауіпті мәселе. Себебі бұл процесс жақсы қадағаланбайды. Сондықтан бордақылау алаңдары бұл бағытта жұмыс істеуге онша қызығушылық танытпады. Демек, өзгеріс оларға қатты әсер етпейді. Бірақ шаруа қожалықтарындағы малдың сапасына айтарлықтай әсер етеді деп санайды Динара Молдагаипова:

«Тұқымдық түрлендірудің құлдырауын көруіміз мүмкін, себебі көптеген шағын фермерлер өздері пайдалану үшін өндіруші-бұқаларды енді сатып ала алмайды. Оларға енді бұқалар да жалға берілмейді, сондықтан қарапайым фермерлерде ет үлесі төмендеген, көрсеткіштері өте нашар малдар дүниеге келуі ықтимал».

Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап өзінде репродукторы мен бордақылау алаңы бар шаруашылықтар жәрдемақы алмайды. Бұған дейін мұндай фермерлер мал репродуктордан бордақылау алаңына көшкен кезде мемлекеттен (мал басына 60 мың теңге) өтемақы алған болатын. Енді шаруашылықтарға тек өз күштеріне сенуге тура келеді.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін үшінші маңызды өзгеріс - субсидия алу үшін шаруашылықтың міндетті түрде есептік нөмірінің болуы. Бұл талап мал шаруашылығындағы барлық бағыттарға қатысты. Демек, шаруа қожалықтары есеп нөмірін алу үшін қажетті нормалар мен критерийлерге сәйкес келмейтін фермерлерге салдарын тигізеді. Бұл, негізінен, 300 басқа дейінгі шағын фермалар.

Есеп нөмірін алу үшін мал өсірумен, бордақылаумен немесе союмен айналысатын шаруа қожалығы инфрақұрылым мен ветеринариялық қауіпсіздік бойынша бірқатар талаптарға сай келуі керек, мысалы, елді-мекендерден қашық орналасу.

"Көптеген шаруашылықтар бұл критерийлерге сәйкес келмейді. Сәйкесінше, 1 жыл ішінде көптеген фермерлер өз шаруашылықтарын ветеринария туралы ережелер мен заң талаптарына сай жағдайға келтіріп үлгеруі екіталай. Ал кейбірі бұл талаптың жақын арада күшіне енетінін білмей, мүлдем назардан тыс қалдыруы әбден мүмкін. Сондықтан 2025 жылдан бастап мал шаруашылығы саласында мемлекеттен жәрдемақы ала алмайды. Ал мұның бәрі - негізгі субсидиялар. Біз әрбір фермер субсидиядан айырылатынын түсініп тұрмыз. Тіпті шаруашылығын ұстап қала алмау қаупі бар. Оның фермасы табысты болмайды және оны жабады немесе сатады", — деп болжайды Динара Молдагаипова.

Фермер бірінші кезекте не істеуі керек?

Субсидия алғысы келетін фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Мысалы, өтінімді жіберу кезінде құжаттарды қате толтыру. Бұдан басқа, малдың есепке алынбағаны, құжаттардың жетіспеуі, заңгерлік білімнің жеткіліксіздігі, сондай-ақ өз меншігінде немесе мемлекеттен ұзақ мерзімде жалға алынған жер телімінің болмауы субсидия алуға жіберілген өтінімді қабылдамауға себеп болуы мүмкін.

Өтінімді ойдағыдай толтырып, мемлекеттен өтемақы алу үшін Динара Молдагаипова фермерлерге бірнеше ақыл-кеңесті ұстануға кеңес береді. Бірінші кезекте, құжаттарды уақытылы дайындау, қажетті деректердің бар-жоғын тексеру және ауыл шаруашылығы басқармасына субсидия қажет екені туралы хабарлау маңызды. Сондай-ақ малды тіркеу және есебін жүргізу маңызды. Ал ірі шаруашылықтарға мал есебін жүргізіп, құжаттарды дайындау үшін мамандарды тарту ұсынылады.

«Фермерлер субсидия құтқару шеңбері емес, егер бәрі дұрыс жасалса, мемлекеттен өтемақы алу мүмкіндігі екенін есте ұстауы керек», — дейді субсидия бойынша сарапшы Динара Молдагаипова.

Сондықтан малды сәйкестендіру, құжаттарды дайындау және өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы жіберу сияқты іс-әрекеттер алгоритмін мұқият орындау маңызды. Тек осылай ғана субсидияға қол жеткізуге және мемлекеттен қолдауды қамтамасыз етуге болады.

Мал шаруашылығын субсидиялау, есепке алу және тіркеу туралы толығырақ Динара Молдагаипова BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ оқыту курсында айтып береді.

Телеграмда курс тыңдаушыларының тобына қосылыңыз. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/+8zWcTnjAbVxmNTNi

Курсты телефоннан, жылдам көруге жасанды интеллект негізіндегі жасалған телеграм-бот көмектеседі. Бұл кез келген жерде қалтаңыздан табылатын курс және жеке көмекшіңіз: https://t.me/ELBAYLYGYBOT

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер