23 Қыркүйек, 2023 Мақалалар
0  

ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН

Аламан дода Кунан байге Топ байге Байге
ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН
ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН

Елімізде Бәйгеден Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңдері аяқталды. Жүйріктердің финал алдындағы жарысы оңтүстік шаһар — Алматыда ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 11 шақырымдық Құнан бәйгесі, 18 шақырымдық Топ бәйге мен 25 шақырымдық ұзақтыққа шапқан Аламан дода өтті.

Чемпионатта республиканың барлық өңірінен келген 100-ден аса қатысушы болды. Оза шауып келгендерге қомақты қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Жарыстың жүлде қоры — 20 900 000 теңге.

ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН
ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН

Алғаш болып Құнан бәйге басталды. Бес айналымнан тұратын жарыс. Он бір шақырымдық додада он сәйгүлік жарыс жолына шықты. Күн салқын болды, жылқылардың жылдамдығы төмен көрінді. Бәйгенің заңдылығы да сол болса керек. Күн салқындаса, жылдамдық төмендейді. Алғашында аттар ақырын шауып бастап еді, соңғы екі айналымда шын жарысты. Абай облысынан келген Семсер сәйгүлік топ бастады. Атбегілер арасында атақты бапкер Қуан Әдісәлімов баптаған құнан бірден суырылып алға шықты. Қалған құнандар бір шабысқа төселіп алды. Нәтижесінде финалдық кезеңге жолдама алған бес сәйгүлік анықталды. Бағы жанып, бабы шапқандар қатарында Зымыран, Гүлсары, Батыр лақабаты бар тұлпарлар келді.

ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН
ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН

Он сегіз шақырымдық топ бәйгеге отыз алты ат қатысты. Бірінші орын алған шабандоз төр миллион теңгенің сыйақысын жеңді. Екінші орын алғанға бір жарым миллион теңге, үшінші орынға сегіз жүз мың теңге бұйырды. Айта кету керек, бәйгеге қатысқандар арасында Алматы ипподромында жаттығып үйренгендері де бар. Оларға жарыстың осы жерде ұйымдастырылуы жақсы мүмкіндік болса керек. Алайда, «күш атасын танымас» демекші, нағыз жүйрік жол да, климат та талғамай, шаба береді.

ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН
ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН

Бәйге деген қашан да той-думан іспетті. Мұнда халыққа тамаша көңіл-күй сыйлаған еліміздің үздік өнерпаздары шақырылды. Асылбек Еңсепов қазақтың күйін күмбірлетті. Келген халық тәнті болды.

Ат баптап, жүйрік жарату, бәйгеге қосу — қазақтың қанына сіңген, атадан-балаға мұраға қалған игі дәстүр. Қазақтың дүлдүл ақыны Ілияс Жансүгіров айтқандай, «жанына халқымыздың жылқы жаққан...» немесе ескіден жеткен есті сөз «Ер қанаты – ат» сияқты тәмсілдерде бағзы заманның сыр-сарыны жатыр. Бұл ретте, үшінші жарыс Аламан да әдеттегідей тартысты өтті. Жиырма бес шақырымдық ат жарыстан бірінші болып Студ Мэн тұлпарымен Әмірхан Төребеков келді. Келесі орындарды Мой Мир сәйгүлігімен Мирас Нағашыбай, Маймақ атымен Абзал Тұрмыс еншіледі.

ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН
ФИНАЛ АЛДЫНДАҒЫ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ: АЛМАТЫДАҒЫ АЛАМАН

Бұл финал алдындағы шешуші жарыс болған еді. Бәйгенің әр түрінен үздік бестікке іліккендер тікелей финалға жолдама алды. Осылайша, олар бұл жылдың ең ауқымды додасында жүздеспек. Кіл мықты арасынан ең мықтысы сол жерде анықталатын болады. Ал Бәйгеден Ұлттық чемпионаттың шешуші сайысы қазанның 7-не жоспарланып отыр. Дүлдүлдер дүбірі Алматы қаласының ипподромында өтеді.

Фото «Бәйге» федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі инстаграм парақшасынан алынды

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.

Соңғылары

Сату
09 Қыр 2026
РО
Роман
-
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков с откорма
ІҚМ Абердин-ангус Әулиекөл
от 6 бас
Келісуге болады
Сату
31 Там 2026
ТОО "Карабалыкская СХОС"
ТОО "Карабалыкская СХОС"
-
Дәнді-бұршақ дақылдардың тұқымдары ТОО "Карабалыкская СХОС" реализует семена мягкой озимой пшеницы, 170 000 тг/тонна
Күздік бидай Бидай Жұмсақ бидай
78 тонна Алып кету, FCA
ҚҚС-пен теңге
тонна
170 000 тг
Сату
25 Там 2026
ТА
Татьяна
Хромтау
Ересек сүтті табын ІҚМ Продам 2 коровы
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Етті-сүтті Сүтті ІҚМ 100+ Whatsapp
Келісуге болады
Сатып алу
25 Там 2026
ЖА
Жұмабеков Айбатыр
-
ІҚМ, асыл тұқымды мал КРС, племенной скот
Әулиеата тұқымы
Келісуге болады
Сату
13 Там 2026
КУ
Куаныш
Петропавловск, Казахстан
Ересек етті табын ІҚМ Продам быков живым весом
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ІҚМ Симментал тұқымы 100+
ҚҚС-пен теңге
бас
2 500 тг
Біздің серіктестер