Ірі қара малға (ІҚМ) күтім жасау кезінде дұрыс тамақтану мен ұстау жағдайларын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар мүмкін аурулар мен жарақаттардың алдын алу маңызды. Себебі бұл ауыр зардаптарымен күресуден гөрі жақсырақ және арзанырақ болады. Аурудың алдын алу тақырыбын түсінуге ветеринария маманы Александр Суминов көмектеседі.
Аурудың алдын алу шаралары жүзеге асуы үшін аймақтық ерекшеліктер мен малдың тұқымдық құрамы сияқты әртүрлі факторларды ескеру қажет. Мысалы, оңтүстік аймақтарда қандағы паразиттік аурулар жиі кездеседі, сондықтан бұл аймақтағы алдын алу шаралары осы ауруларға қарсы бағытталған болуы керек. Егер табынның құрамы мен малдың жасы туралы айтатын болсақ, онда мысалға, жарақаттану көбінесе ересек жануарларда байқалады. Өйткені олар көбінесе жем мен суға қол жеткізу үшін күреседі. Осындай күрестердің нәтижесі кейде мүйіздерінің, әсіресе ашбүйірінің жарақаттануына әкеліп соқтырады.
Бұл жарақаттар жарық және ішкі қан кету сияқты медициналық көмекті қажет ететін ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Тағы бір жиі кездесетін мәселе, әсіресе бұқа өсіруде, бұл - қозба. Мұның нәтижесінде бұқалар ішектің тесілуі сияқты ауыр жарақат алуы мүмкін.
Аурулар мен жарақаттардың алдын алу үшін осы сала маманы Александр Суминов келесі шараларды жасауға кеңес береді:
Тұрақты ветеринарлық тексерістер: Ветеринардың тұрақты түрде тексеріп тұруы ауруларды асқынып кеткенге дейін алғашқы сатысында анықтап, қажетті ем шараларын жасауға көмектеседі.
Вакцинация: Вакцинация - бруцеллез, лептоспироз және құтыру сияқты көптеген инфекциялық аурулардың алдын алудың тиімді әдісі.
Дегельминтизация: Малды гельминттерден арылту шараларын үнемі жүргізу паразиттік аурулардың дамуын болдырмауға және олардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Мүйізін алу: Мүйізін алу - малдың жарақаттануын және олардың арасында қақтығысты болдырмау үшін жүргізілетін шара. Бұл маңызды профилактикалық шара малды жарақаттанудан аман алып қалады және ферма жұмыскерлерінің қауіпсіздігін арттырады. Бұл шараны ересек малға да, жас малға да жасауға болады. Көбінесе мүйізін алу жас малға жасалады және электрлік термокаутерлер, механикалық каутерлер немесе пасталар сияқты әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Кастрациялау: Бұқаларды кастрациялау олардың агрессивті мінез-құлқын азайтатындықтан қозбаның алдын алудың бір әдісі болуы мүмкін.
Әдеттегі аурулар мен оларды емдеу
Барлық алдын-алу шараларына қарамастан, кейде асқазан-ішек жолдарының аурулары немесе тыныс алу органдарының аурулары сияқты аурулар пайда болады. ІҚМ ауруларын тиімді емдеу тек кешенді тәсілді ғана емес, сонымен қатар малдың жай-күйін үнемі бақылауды және олардың денсаулығындағы кез келген өзгерістерге уақытылы назар аударуды талап етеді. Кейбір ауруларды емдеу қалай жүретінін қарастырайық:
Жас малдардағы диарея: Диарея - бактериялық және вирустық инфекциялар сияқты әр түрлі себептерден, сондай-ақ күйзелістен туындайтын, жас малда жиі кездесетін аурулардың бірі. Ем шараларына жеткілікті дәрежеде ылғалдандыруды және натрий, калий және хлор сияқты электролиттер бар ерітінділермен электролиттік қалпына келтіруді қамтитын шаралар жатады. Сонымен қатар инфекция қоздырғыштармен күресу үшін антибиотиктер немесе бактерияға қарсы препараттар да қолданылуы мүмкін.
Респираторлық инфекциялар: Ірі қара малдағы жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының аурулары көбінесе вирустар мен бактериялардан туындайды. Ем шаралары бактериялық инфекциямен күресу үшін антибиотиктерді, вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы препараттарды және қабынуды азайту және тыныс алуды жақсарту үшін симптоматикалық емдеуді қамтуы мүмкін.
Мастит: Бұл - бактериялық инфекциядан туындаған желіннің қабынуы. Ем шаралары антибиотиктерді жергілікті инъекция немесе желінге инфузия түрінде қолдануды, сондай-ақ ісіну мен ауырсынуды азайту үшін қабынуға қарсы препараттарды жергілікті қолдануды қамтиды.
Бруцеллез: Бұл - сиырларда түсіктің болуына және тұқымдылықтың төмендеуіне әкелетін жұқпалы ауру. Ем шаралары бактерияларды жою үшін антибиотиктерді қолдануды, сондай-ақ карантинді және инфекцияның таралуын болдырмау үшін алдын алу шараларын жүргізуді қамтиды.
Құтыру: Бұл - малдан адамға жұғуы мүмкін қауіпті вирустық ауру. Ем шаралары сау малға жұқпауы үшін вакциналарды қолдануды және жұқтырған малға симптоматикалық терапияны жүргізуді қамтиды.
Көріп отырғандарыңыздай, фермада тиімді жұмыс істеу үшін дәрі-дәрмектер мен құралдардың түр-түрі бар ветеринарлық қорап болуы керек. Бактерияға қарсы препараттардан бастап жарақатқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге дейін барлығы қол жетімді және пайдалануға дайын болуы керек. Мүйізін алуға арналған қысқыштар немесе кастрациялау құралдары сияқты жабдықтар қажет болған жағдайда жедел түрде көмек көрсетуге керек болуы мүмкін.
Антибиотиктер: Бактериялық инфекцияларды емдеу үшін амоксициллин, окситетрациклин және энрофлоксацин сияқты антибиотиктер жиі қолданылады.
Паразиттерге қарсы препараттар: Ивермектин және альбендазол сияқты паразиттерге қарсы препараттар гельминтоздар мен эктопаразиттік инфекциялар сияқты паразиттік инфекцияларды емдеу үшін қолданылады.
Қабынуға қарсы препараттар: Қабынуды және ауырсынуды азайту үшін мелоксикам және фенпропионат сияқты қабынуға қарсы препараттарды қолдануға болады.
Электролиттік ерітінділер: Диарея немесе сусыздану кезінде электролит балансын ылғалдандыру және қалпына келтіру үшін қажет.
Вакциналар: Бруцеллез, лептоспироз және құтыру сияқты жұқпалы аурулардың алдын алу үшін қажет.
Жарақатқа арналған дәрі-дәрмектер: Мысалы, антибиотиктер, ауырсынуды басатын дәрілер, сутек пероксиді, жаралар мен сынықтарды емдеуге арналған жақпалар.
Гинекологиялық проблемаларға арналған препараттар: гормоналды препараттар, антибиотиктер, қабынуға қарсы және қышымаға қарсы препараттар.
Алғашқы көмекке арналған құралдар: Таңғыш материал, таңғыштар, стерильді шприцтер мен инелер және жараларды емдеуге арналған антисептиктер кіреді.
Әрбір дәрі-дәрмекті сақтаудың белгілі бір талаптары бар. Кейбір препараттар тоңазытқышта белгілі бір температурада сақталуы керек. Бұл өте маңызды, әсіресе, вакциналар мен биологиялық заттарды сақтау. Себебі дұрыс емес сақталса, жарамсыз болып қалуы мүмкін.
Дәрі-дәрмектерді сақтаудың маңызды аспектілері:
Температура режимі: Көптеген дәрі-дәрмектер белгілі бір температуралық режимде сақтауды қажет етеді. Мысалы, кейбір вакциналар мен белсенді қоспалар тоңазытқышта +2°C-тан +8°C-қа дейінгі температурада сақталуы керек, басқа препараттар бөлме температурасында сақтауды қажет етуі мүмкін (+15°C-тан +25°C-қа дейін).
Жарық пен ылғалдан қорғау: Кейбір дәрі-дәрмектерге жарық пен ылғал кері әсер етуі мүмкін, сондықтан оларды жарықтан және құрғақ жерде сақтау маңызды. Тығыз жабылатын қақпағы бар шыны немесе пластикалық контейнерлер ылғал мен жарықтан жақсы қорғауды қамтамасыз ете алады.
Басқа заттардан оқшаулау: Ластануды немесе дәрі-дәрмектерді дұрыс пайдаланбауды болдырмау үшін дәрі-дәрмектерді тамақ, жем және тұрмыстық химиядан бөлек сақтау шарт.
Таңбалау және жарамдылық мерзімін бақылау: Әрбір дәрі-дәрмекті атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімі және қолдану жөніндегі нұсқаулығын жаза отырып, таңбалау керек. Жарамдылық мерзімін бақылап отыру және мерзімі өткен препараттарды уақытылы жою қажет.
Балалар мен жануарлардан қауіпсіз жерде сақтау: Кездейсоқ улануды немесе препаратты абайсызда қолдануды болдырмау үшін дәрі-дәрмектерді балалар мен жануарлардың қолжетімсіз жерде сақтау керек.
Мал ауруларының алдын алу және емдеу - табысты мал шаруашылығының негізгі компоненттері. Ветеринарлық жұмысты дұрыс ұйымдастыру малдың дені сау болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорынның беделін сақтау арқылы ферманың өнімділігін арттыруға көмектеседі.
ІҚМ аурулары жайлы басқа да қажетті ақпараттарды Александр Суминов BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ тегін курсында айтып береді. Сонымен қатар курстың дәрістерінен жайылымда ұстау, субсидиялау, жоспарлау және ферманың қаржысы жайлы ақпараттарды таба аласыздар.
Телеграмда курс тыңдаушыларының қатарына қосылыңыз. 400-ден астам қатысушы мен курстың дәріскерлері осында. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/baylygy
Курсты телефоннан әрі жылдам көруге жасанды интеллект негізінде жасалған телеграм-бот көмектеседі. Бұл сіздің кез келген жерде қалтаңыздан табылатын курс және жеке көмекшіңіз:
Тақырып бойынша оқу: