08 Сәуір, 2024 Мақалалар
0  

Мал сатудың оңтайлы моделін таңдау — фермердің тәжірибесі

Алексей Гриценко Мясное животноводство EL BAYLYGY КРС Животноводство Племенной скот
Мал сатудың оңтайлы моделін таңдау — фермердің тәжірибесі
Мал сатудың оңтайлы моделін таңдау — фермердің тәжірибесі

Шаруа қожалығын тиімді жүргізу тек қана мал күтімін білуді ғана емес, жалпы процестің экономикалық аспектілерін түсінуді талап етеді. Бұл мақалада біз төлдеу уақытын басқару стратегияларынан бастап, мал шаруашылығы нарығындағы қауіптер мен бәсекелестікті талдауға дейінгі фермердің жұмысындағы заманауи аспектілерді, сонымен қатар шығынды азайту мен табысты арттырудың оңтайлы стратегияларын қарастырамыз.

Бұл тақырыпты талдауға атадан қалған істі жалғастырып келе жатқан фермер Алексей Гриценко көмектеседі. Ол өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, қандай стратегиялар оның шаруашылығы үшін оңтайлы болғанын айтып береді.

Жеке ақпарат:

Алексей Гриценко — мал шаруашылығында үлкен мұра қалдырған «Алексей» шаруа қожалығын басқарушылардың бірі.

Негізгі бағыты: Етті мал шаруашылығы

Даму тарихы: Алексейдің осы салаға деген құштарлығы кеңес дәуірінде мал ұстаған әкесінен дарып, қазіргі таңда оның ісін жалғастырып отыр. Шаруа қожалығының негізін қалаған - әкесі, кейіннен ағасына қалдырады. Ал Алексей 2016 жылдан бастап басқарып келеді.

2017 жылы 40 бастан бастаған шаруашылық бүгінде 120-дан астам аналық басқа жеткізіп отыр. Жалпы қазақстандық селекциядан 300-ге жуық мал басы бар. Малды көбінесе еліміздің солтүстік өңірлерінен алады. 2017 жылдан бастап қожалық герефорд етті тұқымын ұстайды. Бұл шешім сәтті болып, мал басының көбеюіне, асыл тұқымды сату қызметінің кеңеюіне және де бұқаларды ет түрінде сатуға мүмкіндік берді.

Алексей Гриценконың шаруа қожалығын мысалға ала отырып, ет пен мал сатудың үш негізгі моделін қарастырайық.

Етті базарда сату

Фермер малды өз бетінше сояды және оны жақын жердегі базарға өзі апарады. Бұл жағдайда екі тәсіл бар: фермер базардағы орынды жалға ала отырып етті өзі сатады немесе өндіруші мен тұтынушының арасындағы делдал - көтерме саудагерлерге тапсырады.

Алайда бұл тәсіл тиімсіз әрі малды союға, оны базарға жеткізуге, ветеринарлық тексерістен өткізіп, етті көтерме саудагерлерге тапсыруға көп уақыт кетеді. Бағасы да тұрақты емес, себебі әкелген малдың саны, оның семіздігі және сатып алушылармен келісу қабілеті сияқты көптеген факторларға тәуелді.

Бордақылау алаңына тапсыру

Бұл жағдайда бағасы малдың санатына, сатып алушылардың қалауына және олардың белгілі бір санатты сатып алуға дайындығына байланысты анықталады. Малды бордақылау алаңына тапсыру уақыт жағынан тиімді және фермер келісімшарт жасалғаннан кейін бір-үш күннің ішінде ақшасын ала алады. Бұл - өте тиімді және үнемді модель.

Асыл тұқымды малды сату

Табысы көп болғанмен, бұл процесс баяу жүреді. Сондықтан кең таралмаған. Бұл модель бойынша фермер тұқымды түрлендіру бағдарламасына ең жақсы бұқаларын, сонымен қатар асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысқысы келетін фермерлерге асыл тұқымды сиырларын сатады. Мемлекет фермерлерді өнімді мал сатып алуға ынталандыру үшін тұқымды түрлендіру бағдарламасын субсидиялайды.

Фотосуретті түсірген: eldala.kz
Фотосуретті түсірген: eldala.kz

Айта кету керек, фермерлік мал басын үнемі жаңартып отыруды және репродуктивті процесті басқаруды талап етеді. Ал аналық басты сату және оны күту - осы процестің ажырамас бөлігі. Демек, мал сатудың оңтайлы моделін таңдау фермердің қойған мақсатына, оның шаруашылығының ерекшеліктеріне және нарықтағы сұранысқа тәуелді болады.

Етті мал шаруашылығындағы төлдеу уақытының табысқа әсері

Мал сатудың оңтайлы моделін таңдаудан бөлек, мал шаруашылығындағы табысты арттыру үшін төлдеу процесінің уақытша аспектілерін де ескеру қажет. Тәжірибелі фермерлер шығынды азайтуға және нарыққа сапалы өнімді шығаруды барынша арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерді ұсынады.

Өндірісті оңтайландырудың негізгі аспектілерінің бірі - мал төлдейтін уақытты таңдау. Осы тұста фермерлер барынша тиімді тәсілді табу үшін әр түрлі тәжірибелер жасап жүр.

Төлдеуге ең тиімді мезгіл желтоқсан-қаңтар айлары болып саналады. Бұл уақытта бұзауға жем қажет емес, себебі ол енесінің сүтімен қоректенеді. Одан кейін өзі азықтана бастаған кезде, яғни көктемнен күзге дейін фермерлер малды жайылымға шығарады. Осы уақыт аралығында бұзаулар еміп және ірі жемдермен азықтана жүріп, барынша салмақ жинайды. Мұндай тәсіл экономикалық шығындарды азайтуға және бұзаудың барынша салмақ қосуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұзауларды нарыққа шығару үшін тиімді кезең - қазан айының ортасы. Бұл уақытта жайылымда шөп азаяды, бұзаулар аса бір салмақ жинай алмайды. Осы кезеңде, яғни бұқалар салмақ қосуын тоқтатпай тұрғанда оларды сатып жіберу көбірек пайда табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар заманауи тәсілдер өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Мысалы, малды даладағы қоршауда ұстау олардың күтіміне кететін шығынды азайтып, малдың өсуіне жайлы жағдай қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Үнемі құбылып отыратын нарық пен өнімге қатаң талаптар қойылатын заманда малдың төлдеу уақытын қадағалау мен мал ұстау процестерін оңтайландыру фермерлердің табысын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Мал шаруашылығы нарығындағы қауіп пен бәсеке

Фермерлер пайда табудан басқа, олардың кәсібіне әсерін тигізетін қауіптерге тап болуы мүмкін. Ең басты қауіптердің бірі - шаруашылық аумағында да, жалпы оның орналасқан аумағында да пайда болуы мүмкін жұқпалы аурулар. Мұндай жағдайға тап болғанда фермерлер мал шығынына ұшырайды, сондай-ақ аймақта инфекция тараған жағдайда малды тасымалдауға тыйым салатын карантин сияқты шектеулерге тап болады. Бұл факторлар фермерлік кәсіптің табысын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Бағаның демпингі біраз уақыт бұрын кең таралған болса, қазіргі таңда жағдайдың өзгеруі байқалады. Жаңа бордақылау алаңдарының пайда болуымен және олардың арасындағы бәсекелестіктің артуының арқасында сатып алынатын өнімнің бағасы сәл көтеріле бастады.

Қазір бордақылау алаңдары сатып алатын мал бағасын көтеріп, фермерлерге серіктестіктің тиімдірек шарттарын ұсына отырып, белсенді түрде бәсекелестік орнатуда. Сату процесінің құқықтық қорғалуы мен ашықтығы тұрғысынан алғанда бордақылау алаңдарымен жұмыс істеудің заманауи жүйесі фермерлер үшін сенімдірек. Малды өлшеген сәттен бастап сатып алу-сату шартын жасауға дейінгі әрбір кезең процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ресми құжаттармен және көлік құралдарын пломбалаумен бекітіледі.

Бордақылау алаңдары өздерінің міндеттерін толығымен орындап, сатып алған мал үшін уақытылы төлем жасай отырып, фермерлермен сенімді серіктестік қатынасты ұстап отыру бағытында жұмыс жасауда. Соның арқасында фермерлер табысының тұрақтылығына және кәсіптегі серіктесіне сенім артуға болатынына сенеді.

Мал өсіруді оңтайландырудағы талдау жұмыстары барысында шаруа қожалығын сәтті жүргізу мал күтімін кәсіби түрде атқаруды ғана емес, өндірістің экономикалық аспектілерін терең түсінуді де талап ететінін анықтадық. Төлдеу мерзімін ыңғайлы уақытқа келтіру, малды бордақылау алаңына тапсыру және қауіптердің алдын алатын шараларды басқару - ауыл шаруашылығындағы кәсіпті сәтті жүргізудің негізгі құрамдас бөліктері.

Фермерлер төлдеуді қыс айларына жылжыту арқылы бұзауларды азықтандыруға кететін шығынды қысқарта алады және көктем мен жазғы жайылымда мал барынша көп салмақ қосады. Ал бордақылау алаңдарының арасындағы бәсекелестіктің арқасында малды онда тапсырудың тиімділігі артып келеді. Бұл жағдай, өз кезегінде, фермерлердің жағдайын жақсартуға және сататын өнімнің бағасын көтеруге мүмкіндік береді.

Алайда табысты арттырудың мүмкіндіктері жоғары болғандығына қарамастан, фермерлер жұқпалы аурулар, баға демпингі сияқты кедергілерге тап болады. Осы қауіптер төндіретін зиянды азайтудың стратегияларын ойлап тауып, кәсіптің тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды.

Жалпы алғанда, мал өсіру процесін оңтайландыру агрономиялық және экономикалық факторларды есепке алатын икемді әрі кешенді тәсілді қажет етеді. Нарықтың құбылмалылығына әбден еті үйренген және қолжетімді ресурстарды тиімді пайдалана алатын фермерлер кәсібін тұрақты түрде дамыта отырып, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қоса алады.

Бордақылау алаңымен серіктес болу және малды тиімді сату туралы толығырақ BaiBolsyn платформасындағы фермерлерге арналған EL BAYLYGY | БОГАТСТВО НАЦИИ тегін курсынан біле аласыздар.

Телеграмда курс тыңдаушыларының қатарына қосылыңыз. 400-ден астам қатысушы мен курстың дәріскерлері осында. Мұнда сіз өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша дәріскерлерге сұрақтар қоя аласыз: https://t.me/baylygy

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер