24 Қараша, 2023 Мақалалар
0  

Жәнібек Кенжебаев: Жылқыларды криптовалютаға сатуға дайынмын

Лошади Казахстан Криптовалюта
Жәнібек Кенжебаев: Жылқыларды криптовалютаға сатуға дайынмын

Ірі қара, жылқы және басқа да жеті мыңға жуық мал ұстайтын “Береке” ШҚ басшысы Жәнібек Кенжебаев Baibolsyn редакциясымен шаруашылығын цифрландыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Бүгінгі таңда бұл ферма еліміздің солтүстігіндегі ірі шаруа қожалықтарының бірі болып табылады, ал бұл кәсіпті дамытуға цифрлық технологиялар таптырмас көмекші құрал болған.

“Цифрландыру барлық мал басы мен фермадағы бүкіл ішкі жұмыстарға дейін қамтыды. Excel, CRM-жүйелерінде әр түрлі формалар мен кестелерді жасадық және бүгінгі күні барлық жұмыс цифрландырылған деуге болады. Біздің шаруашылықта әр малдың жеке төлқұжаты бар - бірегей нөмірі, фотосы, жынысы, жасы, тұқымы мен ерекше белгілері көрсетілген. Осы ақпараттардың арқасында жылқылардың немесе сиырлардың қайсысы ауырып жатқанын біліп отырамыз және өзгерісті бақылап отыра аламыз. Мысалы, төлқұжаттан жылқы бірнеше жыл бойы төлдемегенін көре аламыз және бұл малдың жарамсыздығын уақытында анықтауға мүмкіндік береді”, - дейді Жәнібек Кенжебаев.

Ферме малды еркін жайылымда ұстайтындықтан әрі мал басы көп болғандықтан, есеп жүргізу үшін техникалық дрон қолданады (квадрокоптер).

“Береке” шаруа қожалығында таптырмас цифрлық құралдардың бірі - GPS трекерлер. Бұл құрылғы мал қозғалысын қашықтан бақылауға, ал жоғалған жағдайда тауып алуға көмектеседі. Трекер көлденең және тігінен орналасқан датчиктерден тұрады - малдың жатқанын немесе тұрғанын көруге болады. Белгілі бір уақыт сайын құрылғы база станциясына деректерді тіркеп, жіберіп отырады, малдың қай жерде жүргенін хабарлайды.

“Трекерлердің үш түрі бар: біріншісі LoraWan технологиясы бойынша, екіншісі GPS (KPC GSM) негізінде, ал үшіншісі - спутниктік байланыс негізінде жұмыс жасайды. Ең қолжетімдісі - GSM негізіндегі трекерлер, тек ұялы байланыс болған жағдайда. Бірақ біздің елімізде, тіпті, кейбір ауылдардың өзінде байланыс жоқ, сондықтан бұл - тиімсіз шешім. Біздің шаруашылықта әр үйірде трекер бар. Қай жерде жүргендерін көріп отырамыз. Егер бір трекер бір нүктеден екі рет сигнал жіберсе, қандай да бір мәселе туындағанын түсініп, сол жаққа барамыз”, - деп бөлісті фермер.

Қазіргі таңда шаруашылықта далалық мал шаруашылығына басымдық беретін мобильді қосымша дайындап жатыр. Қосымшада Қазақстандағы мал шаруашылығының барлық қажетті ерекшеліктері мен ескерілетін тұстары жинақталады: климаты, әлеуметтік-экономикалық ахуалы және тұқымдардың әралуандығы. Келесі жолы іске қосуды жоспарлап отыр. Фермердің айтуынша, мал шаруашылығы - Қазақстанда жоғары технологиялардан тыс қалған ауыл шаруашылығының жалғыз саласы. Осы себепті әрбір қалаған адамға қолжетімді болатын мобильді қосымша ойлап табу идеясы келген.

КХ «Береке»
КХ «Береке»

Технологияның дамуына байланысты блокчейннің өзі ауыл шаруашылығында аса бір ғажайып дүние ретінде қабылданбайды. Бәлкім, жақын уақыт аралығында цифрлық ақша да бұл салаға жетіп қалар. Жәнібек Кенжебаев цифрлық активтермен тауар айырбастауға қуана-қуана келісетінін мойындады.

“Малды токен түрінде және криптовалютаға сату - менің арманым! Егер біз блокчейнді енгізіп, жылқыларды токенге айналдырсақ, субсидиялардан түбегейлі бас тарта алатын едік. Елестетіңізші, сіз - қолыңызда $1000 бар инвесторсыз. Біз әрдайым жылқы ұстауды армандадық делік. Міне, сіз қауіпсіз платформаға кіріп, мың долларыңызды салу үшін ферма таңдайсыз. Токен алып, жылқылардың толыққанды иесі боласыз. Ал фермер болса, сіздің ақшаңызды алып, шаруашылығын дамытады, мал сатып алады, ал сіз жыл сайын өз сыйақыңызды алып отырасыз және жылқыны кез келген уақытта сатуға мүмкіндік беретін толыққанды цифрлық құжат аласыз. Ал енді ойлап көріңіз, сіз сияқты 10 мың адам болса, бәрі активтерін жаппай әр түрлі фермаларға салса, онда біздің саламыз өсуге үлкен қадам жасайды!”, - деп атап өтті шаруа қожалығының басшысы.

Криптовалюта нарығы біртіндеп біздің санамызда ғана емес, әлемдік экономикада да тамыр жайып келеді. Жақын арада цифрлық ақша, тіпті, агробизнесте те біз үшін әдеттегі төлем әдісіне айналуы әбден мүмкін.

© Шолпан Жабаева, baibolsyn.kz, 2023 ж.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в , подписывайтесь на нас в или на нашу рассылку.
Біздің серіктестер