Американдық
Тұқымның атауыКүзен
Жануардың түріБағалы терілі
БағытыБұрын бұл түр еуропалық күзеннің ең жақын туысы болып саналды, бірақ еуропалық түрдің соңғы зерттеулері бойынша американдық түр сусар тұқымдасына жақын. Таралу аймағы: Солтүстік Американың көп бөлігі. 30-шы жылдардан бастап американдық күзен КСРО-ның бірнеше аймағында (Кавказ, Сібір, Камчатка және Приморье) қоныстанды. Кейінірек жануарлар фермасынан қашқан хайуандар Англияда, Скандинавия түбегінде және Германияда тұрақты популяциялар құрды.
Дене пішіні мен сыртқы түрі бойынша американдық қаракүзен еуропалыққа өте ұқсас. Оның денесі ұзын, мүсінді, аяқтары қысқа. Жүзу жарғақтары нашар дамыған. Көздері кішкентай, құлақтары қысқа. Құйрығы ұзын, дененің толық ұзындығының шамамен 30% құрайды. Бас сүйегі еуропалық түрлерге қарағанда едәуір массивті. Жүні жұмсақ және жылтыр. Түсі: негізгі түсі қоңыр немесе қараға жақын, төменгі ернінде ақ дақ бар. Кеудесі мен бауырында ақ дақтар бар. Өлшемі: денесінің ұзындығы 50 см-ге дейін, құйрығы 22 см-ге дейін. Салмағы: еркектердікі – 1,68–2,31 кг, ұрғашылардікі – 0,79-1,2 кг.
Өмір сүру ұзақтығы 10 жылға дейін. Көп некелі жануар: көбею маусымы барысында еркек жануарлар бірнеше ұрғашымен жұптаса алады. Ұрғашысы да бірнеше еркек жануармен жұптаса алады. Көбею кезеңі: ақпан-наурыз. Жыныстық жетілуі: 10-12 ай. Жүктілік шамамен 50 күнге созылады. Ұрпақ: аналық 1 – 10 (орта есеппен 4) соқыр және іс жүзінде жалаңаш күшік туады. Жаңа туған күшіктерінің салмағы шамамен 6 гр. 5-6 аптаға дейін күшіктердің денесін қызыл-қоңыр жүн қаптайды. Көздері 37 күнге дейін ашылады, ал сүтею кезеңі 8-9 аптаға дейін созылады. Бұл жаста жас күзендердің салмағы шамамен 350 г құрайды. Жаздың аяғында жас жануарлар толығымен тәуелсіз болып, енесінен бөлек кетеді.