Қоян
Жануардың түріАмерикандық Фуззи Лоп
Тұқымның атауыБағалы терілі
БағытыАҚШ-та Голландиялық Қойлар пайда болғаннан кейін көп ұзамай селекционерлер оларды қызықты түстер алу үшін Ағылшындық теңбілдермен және желіге жұмсақ, үлпілдек жүнді енгізу үшін Француздық ангормен будандастырды. Күтпеген жерден ұядан жүні өте ұзын, мамыққа ұқсайтын қояндар табылды. Көптеген будандастыру мен іріктеу нәтижесінде 1988 жылы ресми түрде танылған Американққдық Фуззи Лоп алынды.
Бұл ергежейлі тұқым, денесі дөңгелек – қысқа және жалпақ. Ең үздік Фуззидің басы жоғары отырғызылған, денесі дөңгелек, шағын. Аяқтар қысқа және жуан болуы керек. Басының негізіндегі шеміршек басқа құлағы салбырап тұратын тұқымдардағыдай құлақтарының алға қарай салбырап тұруына мәжбүрлейді. Ұзын мамығын жүн деп атаған дұрыс, оның ұзындығы шамамен 5 см болса да, одан иірілген жіп жақсы жасалады. Жүні өте қатты, ангор жүніне ұқсайды. Қатты құрылым бұл жағдайда қажет, өйткені ол шатаспайды, түйдектенбейді және көмескі болып тұрмайды. Сондықтан Фуззиге күтім жасау жүні жұқа көптеген ірі тұқымдарға қарағанда оңайырақ. Бұл тұқымның қояндарының салмағы 1,6-дан 1,8 кг-ға дейін болады.
Қояндар түлеу кезеңін қоспағанда, жүніне күнделікті күтім жасауды қажет етпейді. Аптасына екі рет жүнін саусақпен тарап, ұйысқан жерлерін жазу керек. Сондай-ақ, денесінің төменгі бөлігін жабысып қалған нәжіс немесе төсеме үгінділерінің бар-жоғына тексеру керек. Басқа қояндар сияқты, төлін толығымен жуындырмаған жөн, бірақ кейде қатты ластанған жерлерін жуып, жүнін мұқият кептірген жөн. Бұл қояндарға барынша көп көңіл бөлу керек және олар оны жүз есе қайтарады. Фуззи ақылды, қолға тез үйренеді және дәретхананы пайдалануды да оңай үйренеді. Олар үйде ұстауға және балалармен өзара қатынасуға өте ыңғайлы. Тиісті күтім жасағанда сүйкімді үлпілдек шамамен 10-12 жыл өмір сүре алады. Олар кішкентай жануарлар болса да, олар еркін қозғала алатын және секіре алатын айтарлықтай кең торды қажет етеді. Ұйықтауға ыңғайлы орынмен жабдықтаған жөн, сонымен қатар ауыртпалықсыз тазалау үшін дәретхана орнатқан жөн.
Американдық бұлғын (American sable).