Жүнді
БағытыҰҚМ
Жануардың түріӘзірбайжан қылшық жүнді
Тұқымның атауыӘзірбайжанның қалың жүнді ешкілері тұқымы Әзірбайжанда шығарылған. Ешкілердің байырғы тұқымы.
Ұзын жүнді, қалың жүнді ешкілер, өнімділік бағыты – жүнді. Түсі қара, қызыл қосылған қара, қызыл, сұр, ала. Ешкілердің шоқтығындағы биіктігі 60-65 см, текелердің - 65-75 см. Басы жеңіл, кішкентай, мүйіздері күшті дамыған, ешкілерге қарағанда текелердің мүйіздері қылыш тәрізді пішінді. Құлақтары кішкентай, сәл салбыраған, мойны кішкентай, тері өсінділері бар.
Омырауы кең, терең, жақсы қалыптасқан, арқасы түзу, созылған, артқы жағына қарай сәл көтерілген, негізі жақсы дамыған, құйымшағы күрт төмен түскен, аяқтары мықты, қысқа, дұрыс қойылған.
Ешкілерінің тірі массасы 48 кг, жүн қырқындысы 4 кг, жүніндегі түбіттің құрамы 15%, түбітінің қалыңдығы 17 мкм, қылқанының - 83 мкм, түбітінің шынайы ұзындығы 6 см, қылқанының - 15 см, таза жүннің шығысы 96%. 100 ұрғашыға 140-150 лақ туады. Сүт беретін маусымның 5 айында 90-120 кг сүт сауып алады. Сойылғандағы шығысы 40-45%.
Пигора ешкілері тұқымы (Pygora Goats), Ангор ешкілері тұқымы (Angora)