Әзірбайжан ақ
Тұқымның атауыНутрия
Жануардың түріБағалы терілі
БағытыКСРО-да селекционерлер өткен ғасырдың 30-жылдарында сазқұндыздарды өсіріп алған соң, бірден ақ жүнді жануарларды өсіре бастады. Бірақ олар шығарған барлық жануарлар өміршең ұрпақтарды дүниеге әкеле алмайтын альбиностар болды. Қайта селекция жүргізу жұмыстары ХХ ғасырдың ортасында басталды. Сонда басында ақ дақтары бар сазқұндыз өсіріп шығарудың сәті түсті. Бірақ нағыз ақ сазқұндыздар 1956 жылы Әзірбайжанда өсірілді. Бұл тұқымның барлық жері ақ болды – қылшықты түстері де, түбіт жүні де.
Ақ жануарлардың дене бітімі мықты. Олардың денесіне біртіндеп ауысатын жуан мойны бар. Көздерінің, ауызының және құлақтарының жанында негізгі түсіне қарағанда сәл күңгірттеу жиектері бар. Жарғақты табандары қызғылт түсті. Көздері кофе түстес. Доминантты гендер табиғи түсін береді. Бұл тұқымның артықшылығы – мамығы мен жамылғы жүндерінің құрылымы бірдей. Осының арқасында мамығы мен жүнінің бір-бірінен ерекшелігі байқалмайды, ал Әзірбайжан сазқұндыздарының жүні ерекше жоғары бағаланады.
Салмағы қалыпты – 5-7 кг. Өсімталдығы орташа – бір ұяда 4-тен 5 кұшікке дейін болады. Егер екі Әзірбайжан сазқұндызы жұптасса, онда ұяда ақ және стандартты түсті жануарлар болуы мүмкін, бірақ ақтары сонда да көбірек болады. Тұқым етінің өте жоғары дәмдік қасиеттеріне ие – ол қоянның еті сияқты нәрлі, бірақ одан да дәмді.