Етті-жүнді
БағытыҰҚМ
Жануардың түріБангладеш
Тұқымның атауыБангладеш ешкі тұқымы туған жері Бангладеш болып табылатын ешкілердің байырғы тұқымдарына жатады. Ешкілер ет пен теріні алу үшін өсіріледі. Бангладеште осы тұқымның 7 миллионға жуық ешкісі бар.
Бангладеш ешкісінің маңдайы кең, мүйіздері кішкентай немесе орташа болуы мүмкін. Олардың денесі басқа ешкі тұқымдарына қарағанда тығыз және салыстырмалы түрде қысқа. Тері түгi тегіс.
Туылған кезде лақтардың тірідей салмағы 0,4 кг, 131 күнде айырғанда олардың салмағы 8-8,8 кг, алғашқы күйекте — 14,1 кг, ересек ешкілерде - 18,4 кг. Алғашқы ұрықтандыру кезінде ешкілердің жасы - 10 ай, лақтау кезінде — 15 ай, буаздық ұзақтығы - 143 күн. Дұрыс күтім мен басқару болғанда олар әр уақытта 2-ден астам лақ туа алады.