Джамбронг
Тұқымның атауыЕтті-жүнді
БағытыҰҚМ
Жануардың түріДжамбронг — жергілікті ешкілерді ангорамен будандастыру арқылы алынған үнді ешкі тұқымы. Бали аралының шығысында өсіріледі.
Джамбронг тұқымы өкілдерінің құлақтары мен мүйіздері кішкентай. Ешкілер қысқа жүнді, серкелер ұзын жүнді, түсі ақ, сирек қоңыр және ақшыл түсті, түстердің комбинациясы болуы мүмкін. Екі жыныс та мүйізді.
Серкелерінің тірі салмағы - 45 кг, ешкілерінікі — 38 кг. Негізгі өнім — ет және тері. Жануарлар қызбалы, ыстық климатқа жақсы бейімделген, бірақ паразиттік ауруларға бейім. Жаңа төлдеген лақтың салмағы — 2-3 кг, 3 айда — 10-12 кг, 1,5 жылда — 27-29 кг. Ешкілер көп ұрықты, 100 аналыққа орта есеппен 130-150 лақтан немесе одан да көп туылады. Сүтеюдің 6 айында 140-150 кг сүт береді. Сою шығымы — 45-55%. Ет сапасы жақсы. Таза жүннің шығымы — 85-90%. Ешкілерден мамық тарау — 300-1400 гр., серкелерден — 500-1600 гр.
Тау-Алтай (Altai Mountain Goats), Придон ешкі тұқымы (Don Goats).