Фавероль (Faverolles)

Құстар Етті Фавероль

Құстар

Жануардың түрі

Етті

Бағыты

Фавероль

Тұқымның атауы
0  
Фавероль (Faverolles)
Chicken-poroda-Faverolles

Тарихы

XVIII ғасырда Францияда, Фаверол қаласында еті дәмді сорпаларды дайындауға арналған тауық тұқымы өсірілді. Үш жүз жылдық селекция тауықтарға сыртқы сүйкімділік пен жұмыртқалағыштық қасиетін берді. Кейбір елдерде фаверолдар тек көрмелер үшін өсіріледі. Тұқым гудан, ворот, кохинхин және күміс доркинг тұқымдарының негізінде өсіріледі.

Тұқым стандарты

Басы сәл жалпақ пішінді, кішкентай. Тұмсығы мықты, қысқа, ақ, ашық сары немесе қызғылт түсті. Айдары түзу, жапырақ тәрізді, төмен. Биік тісшелері біркелкі бөлінген. Мойны тығыз, ұзындығы орташа, арқасына қарай жалғасқан орташа ұзындықтағы үрпиген жалы бар. Қызыл сырғалықтарын тұмсығының астында өскен жүндер, қалың сақалы басқан. Сырғалары жетілмеген. Тұлғасы сәл ұзынша келген, трапеция тәрізді, көлденең, кеудесі үлкен және бұлшықеттері жақсы дамыған. Арқасы ұзын. Қарны терең. Құйрығы көтеріңкі. Бағыттауыш қауырсындары қысқа. Әтештердің қысқа, иілген бұрымдары бар. Қанаттары тығыз қабысқан, денесінде жоғары орналасқан. Аяқтарының жүні үрпиген, сирақтары қысқа, жақсы жетілген. Табан сүйегі ақ түсті, ұзындығы орташа. Фавероль тауықтарына тән қасиет – бесінші башпайы бар. Жүні борпылдақ, үлпілдек, жұмсақ. Қаңқасы жұқа. Терісі ақшыл сары, ақ түсті. Реңкі әртүрлі. Стандарттармен көгілдір, көкшіл-албырт, ақ, ақкіс, қуқыл-сарғылт, қара, ақшыл қайың түсті, жалпақ, қызғылт-ақ, жолақты қауырсындары бар құстар бекітілген. Ересек құстардың салмағы 4,5 кг дейін.

Шаруашылық сипаттамасы

Фаверолдардың мінезі сенгіш, ашық. Олар сабырлы, салбыр, тез қолға үйретіледі, иесін таниды. Ауладағы көршілерімен тату, байсалды. Тауықтардың тәбеті жақсы, сондықтан олар семіздікке бейім. Олар жарты жылдық болғанда күндізгі жарықтың ұзақтығы кемінде 13 сағаттық мерзімде жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқалағыштығы орташа. Бірінші жылы олар 160-180 жұмыртқа береді, екінші жылы – 130. Жұмыртқасының массасы - 55-60 г. Әдетте тауық үш күнде екі жұмыртқа табады. Қабығы қатты, сары, қоңыр немесе қызғылт түсті. Олар қыс мезгілінде жақсы өтеді.

Қызықты мәлімет

Бұл фавероль тұқымы мүлде күй талғамайтын және күтуге ыңғайлы құс деген атқа ие. Дегенмен, көптеген басқа ауыр салмақты тұқымдар сияқты, бұл құстарды фермаңызда немесе жеке аулаңызда асырамас бұрын күтімнің кейбір ерекшеліктерін алдын ала білу керек, бұл жерде классикалық түрде торда ұстау орынды емес. Үлкен кең қоршауларды қолданған дұрыс немесе құсты классикалық ауылдық схемаға сәйкес ұстаған дұрыс: тауық қорасы және серуендейтін үлкен аула.

Ұқсас тұқымдар

Ақ кохинхин (Cochinchin white chicken)

Жүктелуде...
Біздің серіктестер