Бағыты:
СүттіТұқымның атауы:
Француз зааненЖануардың түрі:
ҰҚМ
Өнімділік бағыты – сүтті. Француз заанен тұқымы Француз оңтүстік-шығыс тұқымы деп те аталады. Француз заанен тұқымы жергілікті ешкілерді Швейцариядан әкелінген зааненмен будандастырумен, неміс, голланд және ағылшын ешкілерінің қанын құюмен алынды. Ешкілер салыстырмалы түрде ірі, қарқынды күтіп ұстауға жарамды. Асыл тұқымды кітабы 1939 жылдан бастап.
Қыл жамылғысы қысқа, ақ түсті. Жануарлар жақсы дене құрылысымен ерекшеленеді, аяқтары қысқа. Екі жынысы да мұқыл.
Текелерінің тірі салмағы - 80-100 кг, ешкілерінікі - 50-90 кг, бір сүт беретін маусым кезіндегі сауын - 430-527 кг, сүтінің майлылығы - 3,3%. Француз заанен тұқымының ешкілері көнгіш, әртүрлі күтіп ұстау жүйелеріне оңай бейімделеді.
Чехтің ақ ешкісі тұқымы (Czech White), Альпі ешкілері тұқымы (Alpine breed).

