Француз ағылшын-араб жылқысы (French Anglo-Arabic)

Мініс Француз ағылшын-араб Мініс Жылқылар

Тұқымның атауы:

Мініс, Француз ағылшын-араб

Бағыты:

Мініс

Жануардың түрі:

Жылқылар
0  
Француз ағылшын-араб жылқысы (French Anglo-Arabic)
horse-poroda-French-Anglo-Arabic

Тарихы

Француз ағылшын-араб жылқы тұқымы 1663 жылы Францияда асыл тұқымды мініс жылқысын араб жылқысымен шағылыстыру арқылы пайда болды. Бұл асқан сымбатты спорттық жылқылар секіру қабілеттерімен белгілі, сыртқы мүсіні әдемі және басқа да көптеген керемет қасиеттерімен танымал.

Тұқым стандарты

Француз ағылшын-араб жылқыларын бітімінің шойындай құйылған үйлесімділігінен және сымбатты мүсінінен тануға болады. Сондай-ақ олардың дене тұрпаты өте шымыр келеді. Француз ағылшын-араб жылқыларының ең көп таралған түстері – торы, қара торы, жирен, қызылт-күрең және сұр. Басы кішкентай, доғал бас, тік кескінді, көздері үлкен, маңдайы жазық, құлақтары кішкентай және кеңсірігі кең; үңгір сағақты, мойны үйлесімді, ұзын және бұлшықетті. Шоқтығының биіктігі: 155-167 см.

Шаруашылық сипаттамасы

Француз ағылшын-араб жылқысы бүкіл әлемге таралған көптеген жылқы зауыттарында тұқымдарды жақсарту үшін қолданылады. Оны салт міну үшін пайдаланады.

Ұқсас тұқымдар

Тайгер (Tiger)

French Anglo-Arabic

Біздің серіктестер