Гемпшир қой тұқымы (Hampshire)

Етті-жүнді Гэмпшир ҰҚМ

Етті-жүнді

Бағыты

Гэмпшир

Тұқымның атауы

ҰҚМ

Жануардың түрі
0  
Гемпшир қой тұқымы (Hampshire)
sheep-poroda-Hampshire

Тарихы

Гемпшир тұқымы ХІХ ғасырдың басында Ұлыбританияда (Хэмп­шир, Уилт­шир және т.б. графтығында) жергілікті қатты жүнді аналықтарды са­ут­да­ун қошқарларымен будандастыру жолымен шығарылған. Гемпшир тұқымын Ұлыбританияда, Гер­ма­нияда, АҚШ-та және басқа елдерде өсіреді.

Тұқым стандарты

Гемпшир тұқымының жануарлары мұқыл, ақ түсті. Басының жақ бөлігінде, құлақтары мен аяқтарында қара түкті жамылғысы бар. Аналықтарының тірі салмағы - 65–70 кг, қойларының салмағы - 100–110 кг. Жүнінің ұзындығы 6–8 см, қалыңдығы 2,6–2,8 мкм. Гемпшир қойының құлақтары ұзындығы бойынша бірқалыпты, қалың, қатқыл қара қоңыр немесе қара түктермен жабылған болуы керек. Тұмсығы қара түсті және көзінен төмен қарай жүнсіз болады. Бұзылмаған жүні мойнынан маңдайына дейін созылады. Көруіне кедергі келтіретін кез келген жүні стандарттың бұзылуы ретінде қарастырылады. Аяқтары тізесінен және секіретін буынынан төмен салыстырмалы түрде жүннен бос.

Шаруашылық сипаттамасы

Гемпшир тұқымы ет-жүнді бағытты, жартылай биязы жүнді тұқымға жатады. Өнімділігі 100 аналыққа 130–150 қозыдан келеді. Қойлары ерте өседі, қозының тұтас етінің массасы 4 айлығында 25 кг дейін жетеді. Жүнінің қырқындысы аналықтан 3–4 кг, қошқардан 5–6 кг; таза талшық шығысы 50–60%. Гемпшир тұқымының жоғары ет шамасы мол азық бергенде іске асырылады. Өнімділігі 100 аналыққа 116–130 қозыдан келеді. Гемпшир тұқымы қойларының қозылары қара түсті болады, бірақ жүндері есеюіне қарай ашық түске боялады да, ақырында ақ түске айналады.

Ұқсас тұқымдар

Белтекс тұқымының қойлары (Beltex), ВҚара тұмсықты валлий қойлары (Valais Blacknose). Вандей тұқымының қойлары (Vendée)

гемпширская

гемпширская1

Жүктелуде...
Біздің серіктестер