Гвинея
Тұқымның атауыМайлы
БағытыШошқалар
Жануардың түріОл Ұлыбританияға, Францияға, Испанияға және АҚШ-қа әкелінген Африканың Гвинея жағалауындағы жергілікті шошқалардың негізінде жасап шығарылған. Оларды жақсарту үшін ағылшын тектес бірқатар тұқымдар – Эссекс және басқалары қолданылды. Бұрын бұл тұқым Америка Құрама Штаттарының оңтүстік аймақтарында кең таралған, бірақ оның саны қарқынды шошқа өсіруге қолайлы тұқымдардың кең таралуына және шошқа майына сұраныстың төмендеуіне байланысты азайды. Қазіргі уақытта мал саны біртіндеп өсуде. Гвинея шошқалары негізінен жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталады. 2005 жылы тұқымды сақтау үшін американдық Гвинея шошқаларын өсіру қауымдастығы құрылды.
Конституциясы мығым, қаңқасы мықты. Денесінің өлшемі орташа. Басы кішкентай, профилі түзу немесе біршама ойыс. Құлақтары әжептәуір үлкен, алға қарай бағытталған. Кеудесі кең, терең. Арқасы түзу немесе арка тәрізді. Аяқтары мықты, қысқа. Түсі негізінен қара, сирек қызыл. Қылшықтары қалың. Аналықтардың тірідей салмағы – 100 кг, қабандардікі – 140 кг. Ет жоғары сапалы. Алғашқы торайлағанда бірден 5-10 торай әкеледі, жасы анағұрлым үлкендеу аналықтардан бір торайлағанда 20 торайға дейін алуға болады.
Шошқалардың өнімділігі басқа түрлермен салыстырғанда шамалы. Мұның себебі –өлшемдерінің кішкентайлығы және тірідей салмағындағы майдың көп мөлшері. Тұқымның ерекшеліктерінің ішінен жыландардан табиғи қорқынышсыздығын (олар жыландарды аса қиындықсыз ұстайды), сондай-ақ гвинеялықтарды шалғындарда жаюға мүмкіндік беретін толық шөпқоректілігін атаған жөн.