Каюга (Cayuga duck)

Құстар Етті-жұмыртқалы Каюга

Етті-жұмыртқалы

Бағыты

Каюга

Тұқымның атауы
0  
Каюга (Cayuga duck)
utka-poroda-Cayuga-duck

Тарихы

Танымал емес, сирек кездесетін және өте ерекше тұқым. Каюга Америкада өсірілген. Ол атауын өзі шығарылған жерден - Нью-Йорк штатында орналасқан аттас Каюга көлінен алған. 1874 жылы каюга үйректері ресми түрде таныстырылды.

Тұқым стандарты

Каюга тұқымында екі бағыт бар: кейбіреулері көк реңкпен, ал басқалары жасыл реңкпен. Металлдық жарқылмен қаныққан реңктер өте әсерлі көрінеді. Жасыл үйректердің түсі қоңыздардың түсіне ұқсайды. Еркек үйректердің басындағы қауырсындардың түсі айқынырақ болады. Аналықтарының түсінің қанықтылығы кемірек. Бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Табандары берік, ұзын емес. Құйрығының ұзындығы орташа, жалпақ, сәл жоғары көтерілген. Басы ұзынша келген, жинақы, кішкентай. Маңдайы жоғары, тұмсығына қарай біртіндеп көлбеуленген. Тұмсығы ұзын, жалпақ, кең және сәл ойыс. Ата үйректерде ол зәйтүн жасыл түске боялған. Аналықтарының тұмсығы қара және көк түсті. Үйректердің көздері қара қоңыр. Мойын қысқа, иілген, жуандығы орташа. Денесі ұзын және жалпақ, көлденең орналасқан. Арқасы иық үстінде сәл қиғаш. Қанаттары ұзын, бүйірлеріне тығыз басылып тұрады. Кеудесі дөңгелектенген және кең. Каюга орташа ауыр типке жатады. Ата үйректердің салмағы орта есеппен 4 килограмға дейін, аналықтарының ең көбі 3 килограмға жетеді.

Шаруашылық сипаттамасы

Каюга тұқымы жоғары өнімді көрсеткіштерге ие, бірақ ол көбінесе әдемі қауырсындары үшін сәндік мақсатта өсіріледі. Еті керемет дәм сапасына ие. Бірақ қара қауырсындану нәтижесінде ұшасының терісінде қара дақтар болады және бұл аса тәбет ашарлықтай көрінбейді. Балапандарына мүмкіндігінше ересек үйректерге арналғандай жағдай жасау керек. Үйректерге арналған су ыдыстары таяз болады және суы жиі жаңартылады. Каюга үйректері тамақ талғамайды. Суық қысқа төзімді. Ол кез-келген жерге және ауа-райына жақсы бейімделеді. Тұқым тыныш және салмақты. Еркін жайылған кезде салмақ қосуы жақсы. Инкубациялық кезең 28-35 күн. Аналығы бір маусымда 150-ге дейін жұмыртқа береді. Жұмыртқа қабығының түсі алғашқы күндері қара, содан кейін қою сұрға, кейін тіпті жасыл реңктерге дейін өзгереді.

Бұл қызық

Жабық кеңістіктегі стау өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Тіпті қыста да оларды біраз уақытқа далағ шығару керек. Сүйікті тағамдары - шырынды шөптер, ұлулар, түрлі жәндіктер.

Ұқсас тұқымдар

Көгiлдiр фаворит (Blue favorite duck)

Жүктелуде...
Біздің серіктестер