Жұмыртқалы
БағытыҚытайлық
Тұқымның атауыҚұстар
Жануардың түріҚытай қазы тұқымы Маньчжурияда, Солтүстік Қытайда және Сібірде қолға үйретілген жабайы ұзын қаздардан (шошақты деп аталатын қытай қаздарынан) шыққан. XVIII ғасырда қытай қаздары Еуропаға жеткізілді. Тұқымдар Ресей аумағында кең таралған.
Қауырсындануы ақ және қоңыр қауырсындары қосылған ақ немесе қоңырқай-сұр түсті болады. Қоңыр қаздарда тұмсығының түбінен көкірегіне дейін, басында және мойнының артқы бөлігінде қара жолақ өтеді. Мүсіні: басы ұзартылған және үлкен. Тұмсығының ұзындығы орташа, маңдайында – үлкен шошақ түріндегі өсінді. Ақ қаздардың тұмсығындағы шошағы мен табандары сарғыш түсті, қоңыр қаздарда – қара түсті. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде шошағы үлкен. Мойны ұзын, иілген, жоғары көтерілген. Көкірегі жұмыртқа тәрізді пішінді, алдыңғы жағы көтерілген. Омырауы сүйірленген. Табандарының ұзындығы орташа. Көздері тасырайған, қара. Еркек қаздың орташа салмағы 4,5 кг-ға дейін, ұрғашы қаздардың салмағы сәл артық – 5-тен 6 кг-ға дейін.
Қытай қазы тұқымы қозғалғыштығымен және агрессиялық мінезімен ерекшеленеді. Басып отыру түйсігі нашар дамыған. Тұқымның басты артықшылықтарының бірі -жылына 70-80 жұмыртқаны құрайтын жоғары өсімталдығы. Жұмыртқалары өте ірі -140-160 г. Жұмыртқа салу 9 айдан басталады. Балапандардың шығарылуы 70-80% құрайды. Құстардың еті жоғары сапалылығымен ерекшеленеді.
Сипаттамасы бойынша, қытай қаздары өте төзімді және суық климатқа жақсы бейімделген. Олар тамақтануда күй талғамайды. Қаздардың жұмыртқалағыштығы жоғары. Құстардың етінің керемет дәмдік сипаттамалары бар. Олардың кемшіліктері аз. Жоғары агрессиялылығынан бұл тұқымның қаздарын басқалардан бөлек ұстауға тура келеді.