Етті-жүнді
БағытыКулундин
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түріКулунда тұқымы селекциялық белгіледні (жүн өнімділігі) жақсарту мақсатында Алтай тұқымының ұрғашыларын Грозный қошқарларымен және Австралиялық пен Маныч мериносының қошқарларымен будандастыру кезінде пайда болды. Кулунда тұқымының құрылуы 16 жылға жуық (1991-2007) уақытқа созылды. Кулунда тұқымы Ресей Федерациясының солтүстік өңірлерінде танымал. Ресейдегі Кулунда қойларының жалпы саны 10 000 басқа жетеді.
Түсі көбінесе ақшыл реңкті болады, бірақ қоңыр және қара түсті жануарлар кездеседі. Барлық дарақтары мұқыл. Кулунда тұқымының қойлары ірі, түзілісі мықты. Дене құрылысы пропорционал, көкірегі сүйірленген, арқасы түзу. Басы кішкентай, бейіні түзу, құлақтары жартылай тік. Әдетте, басын – көз сызығына дейін, ал аяқтарын секіру және жіліншік буындарына дейін жүн басады. Жүні ақ, тұйық, штапель құрылымды. Олардың жүні мериностардың жүніне ұқсас.
Қошқарларының салмағы 130 кг-ға жетеді, ұрғашыларының - 80 кг, тоқтыларының - 55 кг. Бұл ерте жетілетін тұқым. Құнарлылығы жоғары - 100 ұрғашысына 155-160 қозыдан келеді. Етті көрсеткіштері орташа. Сою кезіндегі шығысы 46%. Жүн талшығының ұзындығы 9,0-11,5 см, қалыңдығы — 25 мкм дейін. Қошқарлардан жүн қырқылымы — 12-16 кг, ұрғашыларынан - 6,0-7,0 кг. Жуылған талшығының шығысы 55-58%. Тұқымның кемшілігі – жоғары температура мен ауа ылғалдылығына төзімді еместігі болып табылады.