Литвалық ақ
Тұқымның атауыЕтті-майлы
БағытыШошқалар
Жануардың түріЛитвалық ақ шошқа тұқымы Литвада жергілікті мегежіндерді ірі ақ шошқа тұқымының, немістің қысқа және ұзын құлақты шошқа тұқымдарының қабандарымен будандастыру арқылы өсірілді. Литва шошқалары негізінен Литвада, сондай-ақ Беларуссия, Молдова, Украина және Ресейдің кейбір аймақтарында өсіріледі. Асылдандыру жұмыстары ет және бордақылау қасиеттерін жетілдіруге, сондай-ақ конституциялық және сыртқы кемшіліктерді жоюға бағытталған.
Бұл тұқым шошқаларының конституциясы күшті және қаңқасы жақсы дамыған, тұрпайы емес, денесі де жақсы дамыған. Қабандардың денесінің ұзындығы 170-175 см, кеуде айналымы 159-162 см, мегежіндердің денесінің ұзындығы 153-155 см. Басының үлкендігі орташа, бет кескіні аздаған ойыс бар. Құлақтары орташа, алға және екі жаққа бағытталған, бірақ көзіне салбырап тұрмайды. Мойнының ұзындығы орташа. Арқасы жалпақ, түзу немесе аздап арка тәрізді. Бүйірлері тегіс және терең. Аяқтарының биіктігі орташа. Іші серпімді, көлемді, бірақ салбырап тұрмайды. Терісі ақ, тығыз, қалың емес, қатпарлары жоқ. Қылшықтардың ұзындығы орташа, қою емес, ақ түсті. Литвалық ақ шошқа тұқымының сыртқы түріндегі ақаулар мен кемшіліктердің ішінен құйымшақ тың салбырауы, байқайшықтарының әлсіз болуы және денесіндн жүннің жеткіліксіз өсуі жиі кездеседі. Ересек қабанның салмағы орта есеппен 310-330 кг, аналықтарында - 220-250 кг.
Мегежіндердің өсімталдығы бір төлдеуде орта есеппен 11-12 торайды құрайды. Сүттілігі 70-80 кг. Шошқалар 100 кг салмаққа орта есеппен 188 күн бордақылаудан соң жетеді. 1 кг салмақ өсіміне кететін шығындар 3,82 жем бірлігін құрайды. Литвалық ақ тұқымды шошқалар ландрас тұқымды шошқалармен будандастырылған кезде жақсы будандар береді. Мұндай будандардағы орташа тәуліктік салмақ өсімінің көрсеткіштері 8-14%-ға артады, олар союға дейінгі тірідей салмаққа 13-19 күн бұрын жетеді, жем шығындары төмендейді. Будандардың ет қасиеттері литвалық шошқаларға қарағанда әлдеқайда жақсы.
Қысқа құлақты ақ (Short-eared white), Үлкен ақ (Large white), Йоркшир (Yorkshire pig breed).