Жүнді
БағытыҰҚМ
Жануардың түріМаныч мериносы
Тұқымның атауыМаныч меринос тұқымы 1993 жылы пайда болды және бекітілді, ол атауын Предкавказьені Шығыс Еуропадан бөлетін Кумо-Маныч ойпатынан алды. Тұқымды Ставрополь өлкесінің асыл тұқымды зауыттарында өсіруді және жақсартуды жалғастырып келеді.
Түзілісі құрғақ және мықты, негізі жеңіл және берік. Пропорционал және ықшам қалыптасқан. Мүсінінің ерекшелігі арқасының үстінде көтеріліп тұрған шоқтығы болып табылады. Кеудесі кең және терең, арқасы мен белі түзу. Аяқтары мықты, дұрыс қойылған. Аналықтарында бейіні түзу, қошқарларында көбінесе қошқар тұмсықты болады. Аналықтары мұқыл, қошқарлары мұқыл да, мүйізді де болады. Терісі жұқа, тығыз, серпімді, мойнында 1-2 жақсы дамыған қатпарлары бар. Жүн жамылғысы көз сызығына, тұсар және секіру буындарына дейін жетеді.
Саулық қойларының тірі салмағы - 50-55 кг (ең көп дегенде 86 кг), қошқарларынікі — 110-115 кг (ең көп дегенле 140 кг). Жылына 100 саулық қойға 100-105 қозыдан келеді. Жүні қапсырма түзілімді, тығыздығы жақсы, бұралаңдығы біркелкі. Жүні ұзын және біртекті. Аналықтарындағы қалыңдығы — 22-25 мкм, қошқарларда - 25-27 мкм. Шайыры басым көпшілігінде ақ түсті. Жуылған жүнінің шығысы - 60-62% (ең көбі 70%-дан астам), жүн қырқылымы — 4-8 кг, ұзындығы - 9-12 см. Маныч меринос тұқымының артықшылықтары: ірі, жоғары қырқылымымен және жүнінің сапасымен сипатталады, тұқымдарды жақсы жақсартушылар болып табылады.
Черноземельский мериносы, Джалгин меринос қойлары тұқымы (Dzhalga merino).