Монбельярд
Тұқымның атауыІҚМ
Жануардың түріЕтті-сүтті
БағытыБұл сиырлардың ата-бабалары Франция аумағына XVIII ғасырда Швейцариядан әкелінген. 100 жылдан астам уақыт бойы монбельярдтар сүті жергілікті ірімшік сорттарын өндіруге жарамды жануарларды өсіру мақсатында мұқият іріктеуден өтті. Тұқым 1889 жылы Париждегі Дүниежүзілік көрмеде ресми танылды. Францияда монбельярдтар негізінен таулы және тау бөктерінде өсіріледі. Тұқым Франш-Конте аймағында ерекше таралды, онда барлық сауын малдың 95%-ын құрайды. Тұқым Франш-Конте аймағында орналасқан Монбельяр округінің атауымен аталды. Монбельярд тұқымының малы әлемнің басқа елдерінде де танымал. Жануарлар Орталық Еуропа елдеріне, Солтүстік Африкаға, Ұлыбританияға, Австралияға және т.б. экспортталады.
Монбельярдтар қызыл және ақ түсті. Ақ түс негізінен бас аймағында басым болады. Түсімен қызыл-ақ голштийндерге ұқсайды.
Тұқым туралы толығырақ BaiBolsyn арнасындағы бейне энциклопедиядан көріңіз:
Сүт өнімділігі. Монбельярдтың желіні жақсы дамыған және маститке төзімді деп саналады. Голштин тұқымымен салыстырғанда олардың сүт бездері берік құрылымға ие. Сүт беру жылдамдығы 2,5-3,5 кг/мин. Желіннің біркелкі даму индексі – 44-48%. Орташа сауу – 9500 кг, сүттің майлылығы – 3,4-3,9%, сүттегі ақуыз деңгейі – 3,0-3,5%.
Орташа өнімді өмірі – 5 жыл. Сиырлар 24 айдан бастап бұзайлайды.
Ет өнімділігі. Жоғары сүт әлеуетімен қатар бұл сиырлар жақсы ет қасиеттеріне ие – сою өнімділігі 56%-ға жетеді.
Ақмола облысы Атамекен ауылында жұмыс істейтін«Әбдірахманов» ЖК Қазақстанда бірінші болып ірі қара малдың француз тұқымын – монбельярдты әкелді. Болат Әбдірахманов фермасында 500-ден астам ірі қара, симментал және монбельярд тұқымдары бар. Сауын табын 210 басты құрайды. Шаруашылықтағы орташа тәуліктік сүт сауу – 21 литр.