Нордлэнд пони
Тұқымның атауыМініс
Тұқымның атауыМініс
БағытыЖылқылар
Жануардың түріНордлэнд пониі Норвегиядан шыққан ежелгі тұқым болып табылады. Бұл пони азиялық жабайы жылқы мен тарпанның ұрпағы деп табылады, олардан басқа пони тұқымдары: кельт, исландиялық, шетландтық, эксмур понилері шығады. Сондықтан бұл тұқымның жоғарыда аталған понилермен және жылқылармен көп ұқсастықтары бар. Олардың шығу тегі әлі күнге дейін шешілмеген құпия болып қалып отыр, бірақ ғалымдар бұл тұқымның негізгі дамуы жаңа елде болса да, олардың Норвегияға шығыстан келгенін анықтай алды. Нордлэнд пониі әр салада әртүрлі дамыды, дегенмен бүгінде бұл айырмашылықтар онша байқалмайды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде понилер іс жүзінде қырылып қалды. 1944 жылы барлығы 43 пони ғана ресми түрде тіркелді, сондықтан олардың санын қалпына келтіру әрекеттері қабылданып, сәтті аяқталды. Ішінде екі негізгі түрі бар –жирен түсті ірілеу линген (жақында ғана табылған!) және қалың жүні мен жұмсақ түкті құйрығы бар кішірек норлэнд.
Шоқтығындағы биіктігі 120-140 см, олардың басы сүйкімді, құлақтары кішкентай, үшкір қырлы, көздері мейірімді, мойны қысқа және кең, иықтары ұзын қиғаш, омырауы терең, шоқтығы жалпақ, арқасы ұзын, құйрығы жоғары отырған сауыры, қатты тұяқтары бар аяқтары түзу және мықты. Түсі жирен, сұр, торы, қара болуы мүмкін, бірақ ол басым көпшілігінде торы немесе қара торы. Олар сондай-ақ туа біткен секіру дағдыларына ие, ұзақ өмір сүруімен және жұмыс өнімділігімен ерекшеленеді.
Нордлэнд понилерінің мінезі айтуға тұрарлық:көнгіш және сонымен бірге жігерлі. Олар төзімді және өз Отанының қатал климат жағдайларына өте жақсы бейімделген. Бұл тұқымды балалар үшін, жегетін, ауыл шаруашылығы үшін салт мінетін пони, теңдеп жүк артатын жануар ретінде пайдаланады. Жалпы алғанда, нордлэнд пониі – сабырлы отбасы үшін мінсіз таңдау.