Жүнді
БағытыОрынбор
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түріБұл тұқымның отаны - Ресей. Орынбор ешкі тұқымы жұқа, серпімді жүн талшығы бар жергілікті ешкілерді ұзақ уақыт іріктеу арқылы өсірілді. Қазіргі түрі XIX ғасырдың басында жергілікті серкелерді әкелінген кошемир (қазіргі кашмир) ешкілерімен будандастыру арқылы алынды. Орынбор ешкі тұқымы Ресейде, Башқұртстанда, Қазақстанда, Татарстанда және Орта Азияда өсіріледі.
Орынбор ешкілерінің түсі негізінен қара, біртекті, ақ,шұбар, сұр және қызғылт ешкілер сирек кездеседі. Жануарлар ірі, мықты конституциясымен, денесі ұзын. Ешкілердің шоқтығының биіктігі 60-65 см, серкелерде - 65-75 см. Басы жеңіл, кішкентай, мүйіздері аса дамыған, серкелерде қылыш тәрізді, ешкілерге қарағанда шомбал. Құлақтары кішкентай, сәл салбыраған, мойны кішкентай, тері өсінділері бар. Кеудесі кең, терең, жақсы қалыптасқан, арқасы тегіс, созылған, артқы жағына қарай сәл көтерілген, қаңқасы жақсы дамыған, құйымшағы күрт төмендеген, аяқтары мықты, қысқа, дұрыс қойылған. Терісі жұқа және тығыз, Орынбор ешкілерінің жүні 65% ұзын дөрекі жылтыр қылшықтан, 35 % қысқа мамықтан және өтпелі жүннен тұрады, мамығы жұқа, жұмсақ, серпімді.
Ересек ешкілерінің салмағы — 45-50 кг, серкелерінің салмағы — 65-75 кг. Жаңа төлдеген лақтың салмағы — 2-3 кг, 5 айда — 17-18 кг, 1,5 жылда — 28-30 кг. Ешкілер көп ұрықты, көбінесе егіздер мен үшемдер әкеледі, бірден бес лақтан төлдеу жағдайлары кездеседі. 100 аналыққа 140-150 лақтан келеді. Сүтеюдің 5 айында 90-120 кг сүт береді. Сою шығымы — 40-45%. Таза жүннің шығымы — 96%. Жүнін қырқу — 300-600 гр., мамықты тарау — 350-500 гр. Орынбор ешкісінің мамығы шұлық, қалпақ, қолғап, кардиган, палантин, мамық орамал, шәл және басқа да бұйымдар жасауда пайдаланылады. Тұқымның артықшылықтары: жоғары сапалы мамық. Тұқымның кемшіліктері: талшықтың қысқаруы, бұл өңдеуді қиындатады және мамық өнімдердің сапасын нашарлатады, ешкілерде бұлшықет нашар дамыған.
Пигора ешкі тұқымы (Pygora Goats), Ангора ешкі тұқымы (Angora)