Қоян
Жануардың түріЕтті-терілі
БағытыРейн
Тұқымның атауыРейн қояндарын Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағында тұратын пошташы Йозеф Хайнц өсіріп шығарған. Селекционер Ағылшындық Теңбіл мен сол кезде жапондықтар деп аталған Арлекиндерді қолданған болуы мүмкін. Жаңа тұқым алғаш рет 1902 жылы Рейн Теңбілді деген атпен көрсетіліп, 1924 жылға қарай бүкіл Еуропаға таралып, Америкаға жетті. Біраз уақыттан кейін тұқымға деген қызығушылық азайып, ол жоғалып кетті десе де болады. Мұның себебі қоян көрмелеріндегі түстердің үлкен шашылымы, көрме және асыл тұқымды жануарларды, әсіресе стандарт енгізілгеннен кейін таңдаудағы қиындықтар болды. Сонымен қатар, 1930 жылы әмбебап тұқымдар - бір уақытта ет, сәндік және көрме қасиеттеріне ие қояндар сұраныста болды. Рейн қояндарының денесі арықтау, бұлшықетті, ұшасы сіңірлі, нарықтық емес еді, сондықтан оларды бағушылар өте аз болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бір топ неміс селекционерлері тұқымды қалпына келтіруге және танымал етуге бел буды. Рейн қояндарының қайта туылуы мен бүкіл Еуропаға таралуы үшін бірнеше онжылдықтар қажет болды. Ал 1970 жылдардың аяғында Германияда ол ең танымал теңбіл тұқымға айналды. 1970 жылдардың басында Американы мұның алдында Шағын қошқармен таныстырған американдық зауытшы отандастарын тағы да таң қалдыруға шешім қабылдап, неміс көрмесінен бірнеше теңбіл сұлуларды әкелді. Салтанатты түрде оралғаннан кейін, Рейндіктер 1975 жылы қайта танылды және жылдар өткен сайын оны қастерлеушілердің саны көбеюде.
Дене типі арка тәрізді, денесі құрғақтау, шымыр, аяқтары ұзын, күшті. Иығының, арқасының және артқы жағының ені бірдей, шомбал емес, бұл оны сымбатты етеді, спорттық түр береді. Ересек еркектердің салмағы 3-4 кг, аналықтары 3,2-4,5 кг. Аналықтарында, әдетте, жасына қарай ұлғаятын және көрме жануарларының шекті жасының шектелуіне әкелетін кішкентай омыраудың болуы қалыпты. Құлақ V-тәрізді, ұзындығы 12 см-ден аспайды. Түсі өте ерекше, көбінесе Ағылшындық теңбілдің түс схемасына ұқсас - боялған құлақтары, көзілдірігі, мұрнындағы көбелек, жақтарындағы кішкентай дақтар, арқасындағы құлағынан құйрығына дейінгі түрлі-түсті белбеу. Айырмашылық мынада: жақтарындағы дақтардан басқа барлық дақтар екі түсті болуы керек: қара және қызғылт сары немесе көгілдір және бұғы түстес. Сондай-ақ, бүйірлерінде немесе жамбастарында 3-10 түрлі-түсті дақтары болады. Міндетті талап - бүйірлердегі барлық белгілердің ақ фонмен айқын шектелуі, яғни дақтар бірікпеген болуы керек.
Олар белсенді, ойнақы және ақылды қояндар. Иелері оларды ерекше мейірімді және адал деп санайды. Оларға күтім жасау оңай және бүл қояндар тамаша үй жануарлары болып табылады. Жылына шамамен 5 рет төлдейді, 4-6 көжектен туады.