Қоян
Жануардың түріРеза
Тұқымның атауыБағалы терілі
БағытыТерісін алу бағытындағы қояндардың ең жаңа тұқымы Индонезияда кеш 1990 жылдарда алынған. Бұл бағытты құрумен Индонезияның Богор қаласындағы Мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары айналысқан. Будандастыру үшін одан ұрпағы ішкі сәулесі мен қылшығының ашықтығын алған Сатиннің ұрғашысын және жаңа тұқымға жұмсақ барқыт тері берген Рекстің еркегін таңдады. Бүгінгі таңда Реза қояндары тек Индонезияда және Малайзияда кездеседі, бірақ келешегі бар тұқымның кеңінен танымал болуға барлық мүмкіндіктері бар.
Сүйегі мықты, сопақтау күшті көкіректі, сүйірленген сауыры мен кең кеудесі бар коммерциялық типті дене құрылысы. Денесі тығыз, бұлшық етті, үйлесімді дамыған. Үлкен дарағының орташа салмағы 3,7-4,5 кг. Басы кең, жақтары толық, ұрғашыларында көлемді кеудеше дамиды. Құлақтарының ұзындығы орташа, тігінен орналасқан. Тұқымның айрықша ерекшелігі мен тартымды белгісі – Сатиндерге тән ерекше жалтырағы бар Рекстердің жұмсақ қалың барқыт терісі. Қылшығы қысқа, теріге перпендикуляр орналасқан, ерекше жібектей және сипалағанда шымыр. Көбінесе көгілдір реңк, терең қара өңі кездеседі. Сонымен қатар, тұқым шоколадты, шиншиллалы және түтін тәрізді інжудей түстермен берілген.
Реза қояндары салмақты, мейірімді, бірақ еркелетуді және сенімді ұстауды талап етеді. Өзіне немесе өз ұрпағына қауіп төніп тұрғанын сезіп, ұрғашылары өздерін қорғап, агрессия көрсете алады. Ал еркектері шағылыстыру кезеңдерінде өшпенділік білдіре алады. Стрестер болмаған кезде және дұрыс күтім жасағанда көнгіш болып өседі, адамдарға үйренеді және бастаушыларға ешқандай проблемалар тудырмай, өздерін көрмелерде еркін ұстайды