Етті
БағытыРоманьоль
Тұқымның атауыІҚМ
Жануардың түріРоманьоль етті сиыр тұқымы - бастапқыда ауылшаруашылық жұмыстарына тарту күші ретінде өсірілді. Қазіргі уақытта романьол малы ет бағытына жатады.
Романьоль малының денесі цилиндр тәрізді, денесінің артқы жағы төртбұрышты, бұлшықеттері өте жақсы дамыған, аяқтары мықты, дұрыс орналастырылған. Жануарлардың түсі негізінен сұр, бұқалар біршама күңгірт.
Романьоль тұқымының сиырлары көнбіс, жайылымдарды жақсы пайдаланады және жоғары өсу энергиясына ие. Жас жануарлардың ет өнімділігі жоғары. Туылған кезде бұзаулардың тірі салмағы 42-45 кг, 6 айлық жаста 270 кг, 12 айда - 520-530 кг, 18 айда - 650-690 кг және 24 айда - 800-850 кг. Бұқашықтардың орташа тәуліктік өсуі 6 айға дейін 1255 г, 6 айдан 12 айға дейін -1340 г, 18 айдан 24 айға дейін - 1100 г құрайды. Сиырлардың тірі салмағы орта есеппен 650 кг, ересек бұқалар 1000-нан 1200 кг-ға дейін. Сою шығымы - 58-65%. Еті жоғары дәмге ие.