Құстар
Жануардың түріЕтті-жұмыртқалы
БағытыСаксон
Тұқымның атауыТұқымды өткен ғасырдың 30-жылдарында Германияда Альберт Францен шығарған. Мақсаты өнімділігі жоғары, етті-жұмыртқалы бағытты үйректерді шығару болды. Руан, көк помор (померан), пекин үйрегі сияқты тұқымдардың қанын араластыру арқылы айтарлықтай ұзақ әзірленді. Германияда 1957 жылы дербес саксон тұқымы болды. Еуропада 80-ші жылдардан бастап кеңінен танымал болды.
Тұқымды орташа ауыр түрге жатады. Көкірегі сәл жоғары көтерілген, ықшамды кішкентай. Табандары мықты, қызыл-қызғылт сары немесе қызғылт сары түсті. Ата үйректерінде басы мен мойны металл түстес жылтыры бар қаныққан көк түсті, қанаттарындағы қауырсындары да осындай реңкті. Қалған қауырсындары қызыл реңктері бар сарғылт түсті. Бұл екі қарама-қарсы түсті мойнындағы ақ жолақ бөліп тұрады. Тұмсығы да қоңыр реңктері бар сарғылт түсті. Ішінің сұрлау реңкі бар. Үйректердің қауырсындануы діңгекті. Көзінің жанынан ақ сызықтар өтеді. Мойнында кең ақ жолақ бар. Көкірегінің төменгі бөлігі ақ түсті. Басы сопақ пішінді, үлкен. Мойнының қалыңдығы орташа, алға қарай сәл иілген. Үйрек бір маусымда салмағы 70-80 г болатын 150-200 жұмыртқа береді. Қабығы ақ немесе көк-жасыл реңкті. Аталықтарының салмағы 3-3,5 кг, аналықтарынікі – 2,5-3,1 кг.
3-4 ай жасында жыныстық жетілген болады. Балапандарының тірі қалуы жоғары. Екі айлық балапандары екі келіге дейін салмақ жинайды. Балапан-үйректердің жынысын түсі бойынша өте ерте анықтауға болады. Етінің жақсы дәмдік сапасы бар, қара ет, майлы емес. Жалпы өсіру қиындықтар тудырмайды. Тұқым ынтымақшыл, басқа құстармен тіл табысады. Ата үйректері бейбітшіл, төбелеспейді. Олар белсенді және шулы. Күтіп ұстау үшін кең аумақ қажет. Олар жайылымдарда немесе бақтарда болатын шөппен және жәндіктермен қоректенуді ұнатады. Олар суықты да, ыстықты да жақсы көтереді. Дегенмен, құс тұратын орында құрғақ төсеніш пен жақсы желдетуді қамтамасыз ету керек, өйткені саксон үйректері ылғалды ұнатпайды. Олар күтіп ұстау мен климаттың әртүрлі жағдайларына оңай бейімделеді.
Құс тұратын орында дұрыс температуралық және ылғалдылық режим сақталғанда, астаулар мен су ішетін ыдыстарын үнемі тазалағанда, сапалы жемді пайдаланған кезде саксон үйрегі жұқпалы және паразиттік ауруларға аз ұшырайды.
Көгілдір фаворит (Blue favorite duck)