Етті-жүнді
БағытыКеңестік жүнді
Тұқымның атауыҰҚМ
Жануардың түріКеңестік тұқым жергілікті қылшық жүнді ешкілерді ангора тұқымының американдық серкелерімен будандастыру кезінде пайда болды. Қажетті типтегі буландар "өз ішінде" өсірілді. Кеңестік ешкілер Солтүстік Кавказдың таулы аймағында, Закавказьеде, Памирде және Тывада кең таралған.
Барлық жануар ақ түсті, мүйізді. Қаңқасы мықты, басы орташа, бас пішіні сәл қоңқақ мұрынды, құлақтары салбырап тұрады. Аяқтары дұрыс орналастырылған, тұяқ мүйізі күшті. Кеудесі кең және терең, арқасы түзу. Жүні жоғары сапалы, жартылай жұқа, құрылымы өрілген тәрізді, біркелкі, серпімді және берік. Бұйралығы штопор тәрізді, толқынды және толқын тәрізді. Жүнінде аз мөлшерде қатты талшықтар мен қысқа мамық бар (1-3%). Шайыры ақшыл реңкті. Кеңестік ешкілер жүнінің морфологиясы ангоралардың морфологиясына ұқсас.
Ешкілерінің тірідей салмағы - 39-41 кг, серкелерінікі - 58-60 кг, туылған кезде ұрғашы лақтарынікі — 2,8 кг, еркек лақтарынікі - 3,1 кг. Ешкілердің шоқтығының биіктігі - 58-60 см. Өнімділігі орташа. 100 аналыққа 105-115 лақ келеді. Егіздердің туылу ықтималдығы 25% жетеді. Кеңестік ешкілер, әдетте, сүт өндірісінде қолданылмайды. Аналықтары лактациясының 4-5 айында 100-120 кг сүт береді. Жүннің ұзындығы 19-22 см. Ешкілерден түсетін жүн қырқымы — 1,8-2,2 кг, серкелерімен - 3,5-6,5 кг. Таза талшықтың түсімі 75-85% құрайды. Табиғи жайылымдарда қоректенгеннен кейін ешкілердің ет көрсеткіштері қанағаттанарлық. 4 жасар жазда піштірілгендерінің сойыс түсімі 43,7%, 8 айлық еркек лақтарда 31,3% құрайды. Ешкі терісі былғары тауарлар мен тері бұйымдарын өндіру үшін қолданылады. Кеңестік жүнді қой тұқымы суық климатқа және жыл бойғы тау-отарлы күтімге жақсы бейімделеді. Биік таулы альпілік, шөл және шөлейт жайылымдарды пайдалануға қабілетті. Кеңестік жүнді қой тұқымының артықшылықтары: ойнақы және төзімді, қылшық жүнді ешкілердің мамық және жүн өнімділігін арттыру үшін қолданылады.