Уэссекс Сэддлбэк
Тұқымның атауыБекондық
БағытыШошқалар
Жануардың түріБатыс Англиядан, Хэмпшир графтығынан шығады. Седлбек уэссекс шошқаларымен 1967 жылы біріктірілді, бірақ кейінірек Ұлыбританиядағы жеке тұқым ретінде қырылып қалды. Алайда тұқым Австралия мен Жаңа Зеландияда тірі қалды. Шошқалар XIX ғасырдың басының өзінде өзінің беконымен өте әйгілі болды. Қазіргі уақытта бұл тұқымның шағын саны өсіріледі және негізінде Ұлыбритания аумағында таралады.
Жануарлар биік және ұзын аяқты. Негізінде жауырындарының жанында ақ белбеулі қара түсі және алдыңғы аяқтары ақ түсті болады. Өте сирек жағдайда артқы аяқтары, танауы мен құйрығы да ақ түсті болуы мүмкін. Көкірегі үлкен, тар, терең. Мегежіндердің салмағы 270 кг жуық, қабандардың – 320 кг.
Тұқым бордақылағанда тамаша көрсеткіштер көрсетеді және жақсы аналық қасиеттері бар. Жаңа тұқымдарды, әсіресе үлкен ақ шошқамен будандастыру және шығару үшін пайдаланылады. Өте талғампаз, бірақ жайылымда ұстауға жақсы келеді. Торайлаудың орташа мөлшері 10-ға жуық торайды құрайды.
Вьетнамдық салпы қарынды шошқа (Vietnamese bellied), Гемпширлік шошқа (Hampshire pig breed).