Украин дала
Тұқымның атауыЕтті-майлы
БағытыШошқалар
Жануардың түріУкраинаның шұбар ала дала шошқалары тұқымы Украинаның Херсон облысында Украинаның ақ дала шошқалары тұқымының негізінде, оны беркшир және мангалица тұқымдарының шошқаларымен будандастыру жолымен құрылған болатын. Қазіргі уақытта бұл тұқым шошқаларын Украинаның Одесса, Херсон, Крым, Николаев, Запорожье облыстарында өсіреді.
Украинаның шұбар ала дала шошқалары тұқымы етті-майлы (әмбебап) типті шошқалар тұқымдарына жатады. Бұл тұқымның шошқалары құрғақ климат жағдайларына жақсы бейімделген. Жануарлар ірі, мықты, түзілісі күшті. Қабандардың үлкен дарақтарының көкірегінің ұзындығы 170-175 см болғанда салмағы орта есеппен 280-300 кг, ал мегежіннің сәйкесінше ұзындығы 158-160 см болғанда - 200-220 кг болады. Шошқалардың түсі басым көпшілігінде шұбар ала, әртүрлі реңкті: ақ-қарадан басталып, қара-жиренмен аяқталады. Тұқым мүсіні: кеудесі терең, кең. Арқасы мен белі кең, түзу. Сан еттері жақсы дамыған және сүйірленген пішінді. Құйымшағының ұзындығы орташа, кейде салбырап тұрады, бұл мүсінінің кемшілігі болып табылады.
Украинаның шұбар ала дала шошқалары тұқымы етті-майлы (әмбебап) типті шошқалар тұқымдарына жатады. Бұл тұқымның шошқалары құрғақ климат жағдайларына жақсы бейімделген. Украинаның шұбар ала дала шошқалары тұқымының өсімталдығы жақсы: бір торайлағанда 10-11 торай. Бақылап бордақылағанда орташа тәуліктік ұлғайтылған салмақ 650-680 г құрайды. Жас торай 7 айлық жасында 100 кг массаға жетеді.
Қысқа құлақты ақ шошқа (Short-eared white), Сібірлік солтүстік шошқасы (Siberian northern)