Вьетнамдық cалпы қарынды шошқа (Vietnamese bellied)

Вьетнамдық салпы қарын Бекондық Шошқалар

Вьетнамдық салпы қарын

Тұқымның атауы

Бекондық

Бағыты

Шошқалар

Жануардың түрі
0  
Вьетнамдық cалпы қарынды шошқа (Vietnamese bellied)
pig-poroda-Vietnamese-bellied

Тарихы

Тұқым Вьетнамда шығарылған болатын. Шығыс Еуропаға және Солтүстік Америкаға алғаш рет 1985 жылы жеткізілген. Қазіргі уақытта осы тұқымды көлемдері мен бұлшық ет массасының пайызын ұлғайту жағына қарай жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Тұқым жұмысы Канадада, Венгрияда және Украинада аса белсенді жүргізіледі.

Тұқым стандарты

Жануарлардың қысқа аяқтарына отырғызылған кең кеудесі, көлемді көкірек қуысы және салбыраған қарны бар. Басы үлкен емес, тік тұратын құлақтары мен қысқа тұмсығы бар. Еркектерінің 6 айынан бастап ақсиған азу түстері болады. Омыртқасын бойлай жынысына байланыссыз ұзын қылы болады. Ызаланғанда немесе қуанғаннан ол тік тұрады. Вьетнамдық шошқалардың құйрығы түзу және төмен қарай салбырап тұрады. Егер ол ілгекпен бүгілген болса – бұл будан. Тұқымға тән қара түс тұяқтары мен басының маңайында аө дақтармен үйлесуі мүмкін. Сирек жағдайда олар жолағы бар жирен немесе ақ болады. Орташа салмағы – 150 кг.

Шаруашылық сипаттамасы

Вьетнамдық салпы қарынды шошқалар тыныш мінезімен, тазалығымен ерекшеленеді, ылғал ыстық климат пен күшті аяздарға тамаша төзеді. Бұл тұқымның жануарлары жылдам өседі, тіршілік ету жағдайларын талғамайды, сондай-ақ жақсы және күшті иммунитеті бар.

Ұқсас тұқымдар

Гемпширлік шошқа (Hampshire pig breed).

Жүктелуде...
Біздің серіктестер