Жегін
БағытыВладимирлік ауыр жүк таситын
Тұқымның атауыЖылқылар
Жануардың түрі2021 жылы бұл аңызға айналған жылқы тұқымына 75 жыл толды. Биік, қуатты, табиғаты бойынша сабырлы және мейірімді. Ұлы Отан соғысынан кейін ауыл шаруашылығын көтеру өте маңызды болған кезеңде жылқының осы тұқымы өсірілді. Осы тұқымның селекциясы 19 ғасырдың соңынан бастап жүргізіле бастады, Владимир ауыр жүк тартатын тұқымдары XX ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды және 1946 жылы тұқымның құрылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Бұлар бәйге аттары болмаса да, салт мініске жарайды, бұлар - егістікті жыртуға немесе үлкен жүкті аударуға қабілетті жұмысшылар. Өз Отанында Владимир және Иваново облыстарында олар үштікте қолданылды, бұл шынымен керемет көрініс! Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында Владимир үштігі Мәскеудегі «Русская зима» фестивалінің жыл сайынғы жарыстарының сөзсіз чемпиондары болды.
Сыртқы түрі бойынша Владимир жылқысы басқалардан айтарлықтай ерекшеленеді. Жануардың ең маңызды сипаттамасы - оның үлкендігі. Жылқының массасы 1000-нан 1200 кг-ға дейін болуы мүмкін. Шоқтығына дейінгі биіктігі 175 см-ге жетеді, ал кеуде орамы 2 метрге жуық. Сонымен қатар, тұсары да өлшемдерімен ерекшеленеді - ені шамамен 30 см-ге жетеді. Бас сүйегінің де өлшемдері үлкен, ал мойны өте ұзын және кең біткен. Жылқының жүні өте қысқа болса да, ол ерекше қалың келеді. Жануардың құйрығы мен жалы қалың және ұзын.
Владимир жылқысы, әдетте, сабырлы және жайбарақат мінезді. Мұндай жануарлар адамдарға ерекше мейірімді келеді. Осыған байланысты олар салт міністе және атпен серуендеу үшін жиі қолданылады. Тіпті кішкентай балалар да Владимир жылқысымен тіл табыса алады. Владимир ауыр жүк тартатын жылқылар - қарқынды өсімталдығымен ерекшеленетін тұқым. Жылқының бұл тұқымы еліміздегі бірнеше жылқы фермаларында өсіріледі. Бұлар жігерлі және епті жылқылар. Барлық ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдардың ішінде Владимир жылқылары дене бітімімен, сондай-ақ өзіндік сұлулығымен, күшімен және төзімділігімен, жоғары жүктемелермен жұмыс істегендегі ширақтығымен ерекшеленеді. Владимир тұқымының жылқысы 1,5 тонналық жүкпен 5 минут ішінде 2 км, тіпті одан да жылдамырақ жүгіре алады. Дәл осы тұқым әлемдегі барлық ауыр жүк тартатынт жылқы тұқымдарының арасында жүктерді жедел жеткізу бойынша абсолютті рекордқа ие. Салмағы 4,5 тонна құрайтын жүкпен Владимир жылқысы 13-15 минутта 2 км жүріп өте алады. 27 тонна жүкті орнынан жылжытқан Владимир жылқысының рекордынан әлі ешқайсысы асып түскен жоқ. Осындай жетістіктерді ойлап қараңызшы! Бұл тұқымның жылқылары циркте сәтті өнер көрсетеді және киноға түседі. Владимир жылқыларының қатысуымен 30-дан астам фильм түсірілді, оның ішінде барлығының сүйіктілері - «Женитьба Бальзаминова» және «Морозко». Бұл алыптардың өмір сүру ұзақтығы 20-30 жыл.
Нағыз жылқы білуші мамандарға бұл тұқым туралы бірнеше қызықты фактілерді білу қызығушылық туғызады.
Бұл жылқы тұқымының арқы аталары - рыцарьлардың аттары, олардың суреттерін әлі де ортағасырлық суреттерден табуға болады;
Ең үлкен жүк тасушы жылқы Мамонт атты жылқы болды, оның бойы 2 метрден асқан және салмағы 1,5 тонна болды;
Бұл ірі жануарлар төмен кедергілерді енсеріп, кішігірім бөгеулерден секіріп өте алады;
Тұрақты жүйке жүйесі жылқының кез келген шуыл мен гүрілде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;
Владимир жылқыларының төзімділігі дәлелденген, Владивостоктан Мәскеуге дейінгі жолды осы аттармен жүріп өткен.
Сонымен, Владимир жылқылары - ол күш пен әсемдікті, жігер мен байсалдықты қатар білдіретін ерекше тұқым, ал көрсем сырт пішіні бір қарағаннан-ақ баурап алады. Ол арнайы күтімді қажет етпейді және иесіне адал дос болады.
Кладруб жылқысы (Кладруб) (Kladruber horse)