Оңтүстік Орал
Тұқымның атауыЕтті-жүнді
БағытыҰҚМ
Жануардың түріОңтүстік Орал қой тұқымы Ресейде, Оренбург облысында жергілікті қойларды Прекос қошқарларымен будандастыру жолымен пайда болды. Әрі қарай алынған будандарды Ставрополь, Грозный және Кавказдық қатты жүнді қошқарларымен будандастырды. Ұдайы өсіріп будандастыру 1936-1968 жылдары жүргізілді. Тұқым Ресей Федерациясында Уралда және Поволжьеде таралған.
Барлық жануарлар ірі көлемді, түзілісі мықты, терісі біркелкі қатпарлы, мойнында бірнеше қатпарлар (бурда) құрайды. Қошқарлардың көбінесе мүйіздері болады, аналықтары әрдайым мұқыл болады. Жүн жамылғысының түсі – ақ. Басындағы жүнінің өсуі – көз сызығына, аяқтарында тұсар және секіру буындарына дейін жетеді. Жүнінің айқын бұралаңдығы бар, тұйық, қаптама құрылымды. Шайыры ашық реңкті, жоғары сапалы.
Ересек қошқарларының орташа салмағы - 110-120 кг, қойларынікі - 50-55 кг. Бір төлдегенде 100 аналықтан 120-130 қозы алуға болады. Қошқарлардан жүн қырқылымы - 10-12 кг, аналықтардан — 4-5 кг, қошқарлар жүнінің ұзындығы - 8-9 см, аналықтарда — 7-8 см. Жуылған талшықтың шығысы — 50-55%. Аналықтарда жүнінің қалыңдығы — 20-25 мкм (60-64 сапалы), қошқарларда — 25-27 мкм (58 сапалы). Оңтүстік Орал қой тұқымының артықшылықтары: жүн өнімділігі мен өсімталдығының жақсы көрсеткіштері. Тұқымның кемшіліктері: жоғарғы жағындағы жүнінің құрғақтығынан жүн өнімділігін жақсарту мақсатында асыл тұқым жұмысын әрі қарай жалғастыру талап етіледі.
Австралиялық меринос қойлар тұқымы (Australian Merino), Олибс (OLIBS) (Ontario Lamb Improvement Breeding Strategy)